Украина сабақтары

Boeing-ті атып түсірген кім?

  • Boeing-ті атып түсірген кім?

    Boeing-ті атып түсірген кім?

17 шілде күін сағат 16:20 шамасында Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық Boeing-777 жолаушылар ұшағы атып түсірілді. Дерек көздерінің мәліметіне қарағанда ұшақ бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ "Бук" зенит-зымыран кешенінен атылған. Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Украина мен Ресей тараптары, сондай-ақ өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері әртүрлі баға беруде
РЕСЕЙ ТАРАПЫНЫҢ БАҒАСЫ

                РИА Новости
Ресей президенті Владимир Путин:

– Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг-777» ұшағының апатына Украина айыпты. «Сөз жоқ, қайғылы оқиға қай елдің территориясында болса, сол ел жауапты», деді Ресей көшбасшы.
Ресей президентінің айтуынша, ол барлық әскери ведомстволарға осы апатты тексеріп, зерттеуге көмек беруді тапсырған. «Ресей Федерациясы Үкіметінен барлық азаматтық ведосмтволарды жұмылдыра отырып осы оқиғаның анық-қанығын тексеруді сұраймын. Біз қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Осы оқиға біздің, Украинаның, бүкіл әлемнің жұмыла әрекет ете алатынын дәлелдеуі тиіс. Бәріміз осы апатқа қатысты объективті ақпарат алуымыз керек», дейді Путин.
Росавиация:
– Малайзиялық «Боингті» атқан украиналық зымыранның негізгі көздегені Ресей президенті Путиннің ұшағы болуы мүмкін.
РИА Новости агенттігінің дерек көзі:
– Украина әскері сәрсенбі күні малайзиялық Boeing апатқа ұшырардан біраз бұрын «Бук» қондырғысын Донецкі аумағына әкелген.
RT телеарнасы:
– «Борисполь» әуежайының қызметкері, тегі испандық авиодиспетчер – Карлос өзінің Twitter парақшасында, малайзиялық авиолайнер апатқа ұшыраудан сәл бұрын радар «Boeing 777» маңында украин әскери ұшағы пайда болғанын жазған. «Boeing 777» радардан жоғалып кетерден үш минут бұрын әскери ұшақтар дәл соның маңынан ұшып өткен еді» деп жазады Карлос.
Сондай-ақ телеарна «Boeing» радардан жоғалып кеткен сол сәтте Киев билігі бізге Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағанын хабарлады. Олар сол сәтте оны қалай білді?» деген Карлостын сөздерін келтіреді.

УКРАИНА ТАРАПЫ


Украина президенті Петр Порошенко:
– Бұл төтенше оқиға не апат емес, бұл террорлық акт. Бұл соңғы уақытта орын алған үшінші трогедиялық жағдай. Бұған дейін ресейлік террористер Украина Қарулы Күштерінің АН-26 және СУ-25 ұшақтарын атып түсірген. Мен орын алған жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия құруды және оның құрамына Нидерланда мен IKAO Комиссиясы мамандарын қосуды тапсырдым. Бүгінде террористер бір-ақ рет атып 300 адамды жер жастандырды. Қаза тапқандардың арасында әйелдер, балалар, әлемнің әр елінен азаматтар бар. Бүгінде бүкіл әлем нағыз агрессордың шынайы бейнесін көрді. Өйткені қарапайым жолаушыларды апатқа ұшырату халықаралық террористік акт болып саналады. Бұл – дүниежүзіне қарсы бағытталған әрекет.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко:
– Путин құрметпен берген "Бук" зенит-зымыран кешенінің көмегімен террористер Амстердам – Куала-Лумпур бағытындағы азаматтық ұшақты атып түсірді.
«Украинская правда»:
– Украина аумағы арқылы халықаралық дәліз шеңберінде 10 мың метр биіктікте ұшқан әуе көлігімен арадағы байланыс 17 шілде күні жергілікті уақыт 16:20-да үзілген. Ол содырлардың бақылауындағы Грабово тұрағы ауданына құлады.
Украина президенті әкімшілігі:
– Ұшақтың атып түсірілгенін жоққа шығармаймыз, біз Украина Қарулы күштерінің ауадағы нысандарға қатысты ешқандай әрекет жасамағанын баса айтқымыз келеді.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко:
– Бүгін таңертең жергілікті патриоттар аталмыш комплекстің Торезден Снежноеға қарай бағыт алғанын көрген.
Украина қауіпсіздік қызметі:
– Малайзиялық жолаушылар ұшағын Донбас үстінде Чернухинскі блокпостында тұрған "казактар" атып түсірген. Сепаратистердің сол туралы телефонмен сөйлескені жазып алынды. Телефон әңгімесі барысында террорист Игорь Безлер (Бес) өзінің кураторы РФ ҚК БББ полковнигі Геранин Василий Николаевичке ұшақты атып түсіргені туралы баяндаған.
Оның жолаушылар ұшағы екенін кеш түсінген. Бұған террористер "Майор" мен "Гректің" телефон арқылы сөйлескен әңгімесі дәлел.


УҚҚ тағы бір жасақшының дондық атаман- Николаий Козицынмен сөйлескен сөзін келтіреді. Жасақшының «малайзиялық ұшақ Украина территориясында не істеп жүр?» деген сауалына, Козицын «Шпиондар әкелген шығар, білмеймін. Соғыс болып жатқан жерде несі бар» деп жауап берген.
«ДОНЕЦКІ ЖӘНЕ ЛУГАНСКІ ХАЛЫҚТЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ» ӨКІЛДЕРІНІҢ БАҒАСЫ
"Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" премьері Александр Бородай:
– Жасақшыларда 10 километр биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қару жоқ. Олардың қолындағы қондырғылармен 2-3 километр биіктіктегі нысананы атып түсіру мүмкін. Сондықтан бұл не Украина әуе күштерінің ісі не Әуе шабуылына қарсы қорғаныс. Киев Ресей тарапынан болуы ықтимал соққыны қайтару үшін 14 шілдеде өзінің Әуе шабуылына қарсы қорғанысын толық әскери жағдайға дайындаған. "Шамасы мынау сол дайындықтың салдары болса керек.
«Донецкі және Луганскі халықтық республикасы» вице-премьері Андрей Пургин:
–Малайзиялық ұшақты ресейлік ұшақ деп Украина әскерлері атып түсірген. Өйткені, украйналық әскерилер ресейлік барлаушы ұшақтардың Украина әуе кеңістігінде ұшып жүргені туралы үнемі ақпарат таратып отырады. Украина әскерлері ұшуға рұқсат етілмеген зонада, жоғары биіктікте ұшушы объектті анықтаған. Оны Ресейдің барлаушы не ұшқышсыз ұшағы деп ойлап атып түсірген. Өйткені украин әскерлері ресейлік барлаушы ұшақты атып түсіруді мақсат етіп жүрген. Ал малайзиялық ұшақ экипажы Украинаның ұшуға рұқсат етілмеген зонасы жайлы білмеген.
"Луганскі халықтық республикасы" Қорғаныс министрі Игорь Плотницкий:
– Малайзиялық Boeing 777 ұшағының апатқа ұрынуы украин әскерлерінің ісі. Мұны басқа ешкім де істей алмайды. Енді Украина тарапы өзін қалай ұстайтыны белгілі. Олар бұл жағдайды өзгелерге арта салады.
"Луганскі республикасының" баспасөз қызметі:
– Малайзиялық Boeing-777 Украина ӘӘК-нің штурмовигімен атып түсірілген. Куәгерлер Боинг 777 ұшағына Украина ӘӘК-нің штурмовигінің шабуыл жасағанын көрген. Одан кейін жолаушылар ұшағы екіге бөлініп кетіп, "Донецкі халықтық республикасы" аумағына құлаған.
МАЛАЙЗИЯ ТАРАПЫ
Малайзиялық әуе компаниясының баспасөз қызметі:
– Украиналық диспетчерлер Мәскеу уақыты 18.45-те Ресеймен арадағы шекарадан 50 шақырым жерде ұшақпен байланысты жоғалтқан.
Малайзия сыртқы істер министрі Хишамуддин Хусейн:
– Ведомствоның қолында нақты деректер жоқ. Авиокомпания өкілдерімен хабарласып, премьер-министр Наджиб Разакпен байланыста отырмын.
Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак:
– Малайзиялық ұшақтың Украйнада апатқа ұшырауына қатысты тексеру жүргізіледі.
САРАПШЫЛАР
Базбір сарапшылар малайзиялық апаттың ұшырауына АҚШ-тың қатысы болуы мүмкін деген болжам айтады. Олардың пайымдауынша Ресей мен Украина арасындағы жағдайды ушықтыру мақсатында АҚШ осындай әрекет жасауы да ықтимал.




Көрілген: 2780    Пікірлер: 2

жұма, 18.07.2014, 14:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31