Кугерлер Киевте алты бірдей жарылыс болғанын жазуда. Бірнеше секундтың ішінде екі бірдей жарылыс бірінен соң бірі орын алған, деп хабарлайды УНИАН.
"Жаңа ғана Киевке қанатты және баллистикалық ракеталармен соққы жасалды", - деп хабарлады Антон Геращенко.
Сонымен бірге, қаланың Троещин ауданында алтыға жуық жарылыстың дауысы шыққан.
Украина ІІМ аппаратына сілтеме жасаған УНИАН Киевтің Дарницк ауданында ұшу аппараты атып түсірілгенін хабарлады.