Байден мен Зеленский Ақ үйде не жайлы сөйлесті

22 желтоқсан 2022, 09:14

Соғыс басталғалы елінен алғаш рет сыртқа шыққан Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барып, Джо Байденмен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Байден Америка халқы Украинаны қолдайтынын және оның «әділ әлемге» деген ұмтылысын «мақтанышпен» атап өтті.

 

АҚШ президенті Ресейдің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымға жасаған соққыларын айыптап, Ресей «қыс мезгілін қару ретінде пайдалануға» тырысып жатқанын атап өтті. Ол украин халқы «әлемді жігерлендіріп» келе жатқанын айтты.

 

Зеленский өз кезегінде Ақ үйге шақырылуын үлкен мәртебе деп атады. АҚШ президенті, Конгресс және америкалықтарға Украинаға көмектескені үшін алғыс айтты.

 

«Мен елге жақсы жаңалықпен, 2 миллиард долларға жуық әскери көмек пакетімен оралғалы отырмын. Бұл пакеттің негізгі элементі – әуе қорғаныс қабілетін күшейтетін Патриот жүйелері», - деді Украина президенті.