Беларусь әскерлеріне Украинаға кіруге бұйрық берілді

05 наурыз 2022, 12:48

Украина армиясы беларусь әскерлеріне бүгін соғысу үшін Украина шекарасын кесіп өтуге бұйрық берілген деп есептейтінін айтады. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған kznews.kz мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Facebook желісіндегі жазбасында Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы «Беларусь әскери бөлімінің қолбасшылығына Украина шекарасынан өту туралы бұйрық келгенін» жазды.

 

Ресми Киев Ресей Украина қалаларын зымыранмен атқылау үшін Беларусь территориясын пайдаланып келгенін айтады.