Ердоған Путинмен Украинадағы жағдай туралы сөйлесті

26 сәуір 2022, 18:48

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев тұңғыш президенттің ағасы Болат Назарбаевқа тиесілі еліміздегі ең ірі «Алтын Орда» базарын тексеру барысында санитарлық, экологиялық, құрылыс, көші-қон нормаларын бұзу фактілері анықталғанын айтты.

 

Агенттік мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия басшысы Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің жалғасуына сенім артатынын айтқан. Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинада берік бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын баса айтқан.

 

"Президент Ердоған атысты тоқтатуға қолжеткізу, гуманитарлық дәліздердің тиімді жұмыс істеуі және эвакуацияның қауіпсіз жүргізілуі маңызды екенін айтты. Ол Түркия оқиғалардың бұл бағытын тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті", - делінген Түркия президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.

 

Сонымен қатар Ердоған Ресей мен Украина басшыларын бітімгершілік келіссөзге шақыру туралы ұсынысын қайталады, делінген хабарламада.