Германия билігі азаматтарына Украина жерін қорғауға рұқсат берді 18:39, 03.03.2022 0 Украинадан кеткен тұрғындардың саны 1 млн-нан асты. Соңғы 3 күннің ішінде бас сауғалағандар екі есе көбейді. Олардың көбі Польшада тұрақтаған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2015 жылы Сирия, Ирак пен Ауғанстаннан шамамен 1 млн 300 мың адам бейбітшілік іздеп, босып кеткен. Сарапшылар Украинадан 12 млн тұрғын өзге елден пана іздейді деп болжап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей-Украина келіссөздерінің өтетін орыны өзгерді
Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыстың басталғанына бүгін 8-ші күн. Ұрыс алаңында атыс-шабыс тоқтар емес. Бүгін тараптар екінші рет келіссөз өткізу керек. Шара Брест облысында Мәскеу уақыты бойынша сағат 3-те басталу керек.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша бұл жолы Украина делегациясының құрамы өзгеруі мүмкін.
Бір үстел басында жиналған тараптардың қаузайтын басты тақырыбы ұрыс алаңындағы атыс-шабысты тоқтатып, гуманитарлық дәліз құру.
Еске сала кетейік, Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің бірінші кезеңі ақпанның 28-і күні Беларусьтың ГОмель облысында өткен еді.
Владимир Мединский, Ресей президентінің көмекшісі:
– Біз өткен келіссөдер барысында бір-біріміздің ұстанымдарымызды біліп, талқылауға болатын бірқатар мәселені анықтаған болатынбыз. Кей маңызды мәселелер бойынша Украина делегациясына Киевке оралып ақылдасу қажет болды. Менің білуімше Украина өкілдері қазір жолда келе жатыр.