Қадыровтық полк украиналық әскери бөлімшені жаулап алды (видео)

26 ақпан 2022, 21:11

Украинаның әскери бөлімшелерінің бірінде Ахмат-Хаджи Қадыров бейнеленген алғашқы жалаулар орнатылғаны хабарланды деп жазады orda.kz тілшісі.

 

 «Оңтүстік» батальонының командирі Хусейн Межидов Украина Қарулы Күштері бөлімшесінде қадыровтық туды іліп жатыр.

 

– Рамзан Ахматұлы, біз кеше түнде келдік. Бізге үш рет шабуыл жасалды. Шабуылға тойтарыс бердік. Қайда екенімізді білмедік, – деді әскерилердің бірі.

 

 

Шешенстаннан келген әскерилер Киев маңындағы әскери бөлімді басып алды. Ұлттық ұланның Гостомельдегі No3018 әскери бөлімінің үстінде Ресей мен Шешенстанның туы көтерілді.

 

Бұл Ресей гвардиясының «Оңтүстік» 249-шы жеке арнайы мотоатқыштар батальонының командирі болғанын Instagram желісіндегі видеода шешен әскерилері мен шенеуніктері, оның ішінде Рамзан Қадыровтың көмекшісі пен Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов атап өтті. Кеше қадыровшылар орманның бір жерінде намаз оқыған сәтте Межидовты байқауға болатын еді.

 

 

Еске салсақ, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина астанасы Киевті басып алу үшін Шешенстаннан келген арнайы батальонды басқарады.

 

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, РФ қарулы күштерінің жоспарына сәйкес, егер мүмкін болса, Киевті басып алуға Рамзан Қадыров басқарған Шешенстаннанның арнайы батальоны шығады.