Украина сабақтары

Қырым татарлары тағдыры Еуропа Кеңесінде айтылды

  • Еуропа Кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары Нильс Муйжниекс.

    Еуропа Кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары Нильс Муйжниекс.

Еуропа Кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары Нильс Муйжниекстің айтуынша, Украинада наурыз айында Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі татарлардың тағдыры ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл жайында ол Страсбургте өткен Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясында мәлімдеген.

Түбекте бетперде киген арнайы қызметтің қарулы өкілдерінің діни орындарға, мектептерге, компаниялар мен үйлерге және Қырым татарлары меджилисіне жүргізген рейдтерінен соң этникалық татарлардың қауіпсіздігіне қатер төне бастады дейді Муйжниекс. Оның сөзінше, тарихта бұрын-соңды зорлық-зомбылық жасамаған диаспораға қатысты «қару-жарақ және экстремистік әдебиеттерді іздеу» мақсатымен тінту, рейд жүргізу мүлдем орынсыз. Жанжалдардан соң үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған украиндықтардың жағдайы да оңып тұрған жоқ деді Муйжниекс.

БҰҰ дерегі бойынша, Украинаның ішінде босқынға айналған 350 мыңға тарта украиндықтың 18 мыңы Қырым түбегінен келгендер, қалғандары елдің шығысынан кетуге мәжбүр болған тұрғындар.

www.azattyq.org сайтынан алынған




Көрілген: 2048    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.10.2014, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31