НАТО Украинадағы соғыс қанша уақытқа жалғасатынын айтты

29 сәуір 2022, 19:37

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Киевте Украина президенті Зеленскиймен кездескен кезде Украина астанасына шабуылдар болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qamshy.kz-ке сілтее жасап.

Зеленский Ресейді "БҰҰ-ны масқаралауға тырысты" деп айыптады.

 

Ал, Киев мэрі Виталий Кличко БҰҰ бас хатшысының сапары кезінде Ресейдің Киевке зымырандық соққысын "Путиннің ортаңғы саусағын көрсетуі" дейді.

 

"Бұл (шабуылдың) символдық мәні бар, дәл қазір мұнда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жүр. Бұл оған сәлем деп аталады. Путин осы сәтте ортаңғы саусағын көрсетті. Ол біздің үйлерімізді атқылап, қиратып жатыр. Оның көздегені үйлер емес, адамдар" деді Киев мэрі.

 

Мәскеу кеше түнде Киевті, оның ішінде зымыран шығаратын нысанды нысанаға алғанын растады.

 

НАТО Бас хатшысының орынбасары Мирча Геоана ВВС-ге берген сұхбатында Украинадағы соғыстың бірнеше жылға жалғасуы мүмкін екенін айтты.