Путин Украинамен келісімге келу үшін қойып отырған талаптарын айтты

28 ақпан 2022, 22:08

Ресей президенті Владимир Путин француз әріптесі Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Украина мен Ресей қандай жағдайда келісімге келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Путин Украинадағы жағдайды реттеудің шарттарын атап өтті. Ол елді демилитаризациялауды және оны деназияландыруды, бейтарап мәртебе беруді және Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тануды талап етеді.

 

“Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру, Украинаның бейтарап статусын сақтау және Киев Қырымды Ресейдікі деп мойындауы қажет”, – дейлінген шартта.

 

Бұған қоса, ол Украинадағы бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланатын ұлтшыл әскерилердің қаупін атап өтті.

 

Қазір Беларусьте Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өтіп жатыр.