Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Путин Запорожье мен Херсон облыстарының егемендігін тану туралы жарлыққа қол қойды

30 қыркүйек 2022, 12:01

Ресей Запорожье мен Херсон облыстарының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін мойындады. Жарлыққа  президент Владимир Путин қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке-ке сілтеме жасап.

Құжаттың  мәтінінде "БҰҰ Жарғысында бекітілген халықтардың тең құқықтылығы мен өзін өзі анықтау қағидатын мойындап, растай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес" шешім қабылданды делінген.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей әскерлерінің бақылауындағы Запорожье мен Херсон облыстарында, сондай-ақ өзін өзі жариялаған Луганск Халық Республикасы мен Донецк Халық Республикасында Ресей құрамына кіру туралы референдумдар өткен болатын.

 

Жергілікті биліктің берген мәліметтеріне сүйенсек, тұрғындардың басым көпшілігі "қолдап" дауыс берген көрінеді.