Ресей Қарулы күштерінің Украинаны демилитаризациялау бойынша әскери операциясы бұрын бекітілген мерзімде іске асырылады, – деп мәлімдеді ресейлік көшбасшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы russian.rt.com сайтына сілтеме жасаған aikyn.kz хабарлады, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.
«Ресей басшылығының барлық жоспары бұрын бекітілген мерзімде және толық көлемде іске асырылады», — деді Кремль өкілі.
Алайда ол арнайы операцияның қашан аяқталатынын нақтылаған жоқ.
Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы оның Украина шекарасына қатысты айтқан сөзін түсіндірген болатын.