Ресей мен Украина келіссөзінің 2-раунды Беларусьтің Брест облысында өтеді

03 наурыз 2022, 17:07

Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің 2-раунды Беларусьтің Брест облысында өтетін болды.

 

Бұл туралы Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, Ресей Федерациясының келіссөздердегі талаптары гуманитарлық, саяси және әскери-техникалық мәселелерді қамтиды.

 

Бірақ Украина тарапы келіссөздің Брест облысында өтетінін әлі растай қоймаған.

 

 

 

24.kz