Ресей сенаторы өлген орыс сарбаздары туралы шындықты айтты

02 наурыз 2022, 19:03

Сенатор Людмила Нарусова «Дождь» телеарнасына (тиым салынған БАҚ тізіміне енгізілген және бұғатталған) сұхбат беріп, Ресей Федерациясы Кеңесінің Украинада болып жатқан жағдайға қалай қарайтынын айтты.

 

Сонымен қатар көптеген ресейлік аналардың балаларын қалай іздеп жатқаны жайлы әрі тұтқынға алынған және өлген орыс жауынгерлері туралы сөз қозғады.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Новая газета-ға сілтеме жасап хабарлайды.

 

Қаншама күнге созылған қанды шайқаста адам шығыны болатынын кез келген адам да түсінеді! (Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь) Конашенков «бізде құрбандар жоқ» деп қуана айтады (шын мәнінде Ресей қорғаныс министрлігі адам шығынын мойындайды, бірақ нақты сандарды айтпайды – ред.). Мәселе құрбандар туралы ғана емес. Мен бүгін Жауынгерлер аналары комитетінде болдым, ол жерде әскерге шақырылған балалармен байланыс үзілген аналардың қоңыраулары мен хаттарына толы. Олар қандай да бір ақпарат алғысы келеді. Олар өздерінің ұлдарының суреттерін көріп, хабарласа бастады және біреудің тұтқында екенін, біреудің қайтыс болғанын біліп жатыр. Бірақ, ең құрығанда, өлгендердің денелерін жинау мәселесі тұрған жоқ!

 

Өз басым бүгін Батыс әскери округінің штабына, Қорғаныс министрінің орынбасарының баспасөз хатшысына телефон соқтым, тым болмағанда мәйіттерді шығаруға болатын дәліз туралы неге келіспеске? Өйткені, олар көмілмей жатыр, жабайы қаңғыбас иттер мәйіттерді кеміреді, кейбірін анықтау мүмкін емес, өйткені олар өртеніп кеткен. Бұл қандай соғыс заңдарында болған еді?! 1941 жылы майданға аттанған әкем кез келген шайқастан кейін ең бірінші мәселе мәйіт жинау болғанын айтатын. Менің мұны айтуға дәрменім жетпейді. Мен өзімді соғысты жақтайтын билік өкілдері қатарына жатқызбаймын. Олар не істеп жатқанын, меніңше, өздері де білмейді, деді сенатор.