Украина сабақтары

Ресейде Украинадағы соғысқа қарсы шеру өтті

  • Мәскеуде өткен Украинадағы соғысқа қарсы

    Мәскеуде өткен Украинадағы соғысқа қарсы "Бейбітшілік шеруі". 21 қыркүйек 2014 жыл.

21 қыркүйек, жексенбі күні Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және тағы бірнеше қаласында, сонымен бірге шетелдерде Украинадағы соғысқа қарсы бейбітшілік шерулері өтті. Шеруге шыққандар Украинаның шығысындағы қақтығыстарға Ресей әскерінің араласуын тоқтатуды талап етті.
Мәскеудегі Пушкин алаңынан Сахаров даңғылына дейінгі аралықта өткен "Бейбітшілік шеруінде" "Алдау мен соғыс тоқтатылсын" деген ұрандар айтылды. Трубной алаңына дейін барған демонстранттар әуеге бейбітшілік символы – көгершін ұшырды.
Шеруге қатысқандар арасында "Яблоко" партиясы, "Парнас" Ресей республикалық партиясы, "Солидарность" қозғалысы, ЛГБТ белсенділері де болды. Бірақ шеруге шыққандардың нақты санына қатысты ақпараттарда алшақтық бар. Маршқа шыққандар саны ресми мәлімет бойынша 3 мың адам делінген, ал металл іздеу құрылғысында жұмыс істеген еріктілер демонстранттар саны 15 мың адамды құрағанын айтады. Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі шеруге қатысушыларды шамамен 40 мың адам деп есептеген.
"Бейбітшілік шеруіне" қатысқан Ресей мемлекеттік думасының оппозицияшыл депутаты Дмитрий Гудков Twitter-дегі парақшасында демонстрацияға 70 мыңдай адам шыққанын жазады.

Оппозиционер Алексей Навальный Twitter-де Ресей президенті Владимир Путинді айыптайтын плакатты жаюға рұқсат берілмегенін жазды. "Солидарность" қозғалысының жетекшілерінің бірі Петр Царьков плакаттардың көпшілігінің тәркіленіп алынғанын айтты.
"Яблоко" партиясы полиция белсенділерден "Украинамен соғысу – Ресей үшін масқара" деген жазуы бар плакатты тартып алғанын хабарлады.
Маршта шеруді арандату әрекеттері де болған. Демонстранттарға "Бейбітшілік маршы – фашистерге болысушылардың шеруі" деген сөздер жазылған плакат ұстап алған бірнеше жас жақындап келгенімен, оларды полиция тоқтатқан. Шеру кезінде Украинаның шығысында өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасы», «Луганск халық республикасы» мен «Новороссияның» туларын ұстаған адамдар да жүрген.
azattyq.org сайтынан алынған

 




Көрілген: 2156    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.09.2014, 09:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31