Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі аяқталды

28 ақпан 2022, 23:31

Украина мен Ресей делегацияларының келіссөзі аяқталды.

 

Беларустың Гомель облысында өткен кездесу 5 сағаттан астам уақытқа жалғасты.

 

Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк екі жақ басым тақырыптарды анықтағанын айтады.

 

Униан агенттігінің хабарлауынша, тараптар келіссөздердің екінші раундын өткізуге келіскен.

 

Алайда оның нақты, қай уақытқа белгіленгені әзірге белгісіз.

 

 

 

24.kz