Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Украина Ресейдегі жарылыс туралы мәлімдеме жасады

02 сәуір 2022, 11:51

Украина билігі Ресейде жанармай қоймасындағы жарылыстар туралы хабарды әлі растаған жоқ, жоққа да шығармады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Осының алдында Белгород облысының әкімшілігі Киев жергілікті мұнай базасына шабуыл жасады деп айыптаған еді.

 

Олардың ойынша, Украинаның қарулы күштері әскери тікұшақтармен соққы жасаған.

 

Алексей Арестович, Украина президентінің кеңесшісі:

 

- Біз өз жерімізді қорғап жатырмыз. Ресей өз аумағында болып жатқанға өзі жауап береді. Олар Белгородта не болғанын анықтауға тиіс. Мүмкін жарылыс темекі тұқылынан болған шығар. Бәлкім сарбаздар бұйрыққа бағынбай, бұра тартқан болар. Қалай десек те бұл жарылыстар үшін жауапкершілік Ресейдің өз мойнында.

 

РЕСЕЙ УКРАИНАНЫҢ ӘУЕ ШАБУЫЛЫН АЙЫПТАДЫ

 

Желіде зымыранның атылғанын көрсеткен бақылау камерасының видеосы жарияланды. Associated Press агенттігі бұл кадрлардың шын-өтірігін тексере алмай отыр.

 

Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеме таратты.

 

Игорь Конашенков, РФ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

 

- 1 сәуірде Украинаның 2 «Ми-24» тікұшағы Ресейдің әуе кеңістігіне төмен биіктікте кірді. Сосын олар Белгород маңындағы азаматтық мұнай қоймасын зымыранмен атқылады. Нысанға зақым келіп, отқа оранды. Бұл қойма азаматтық көлік құралдарын жанармаймен қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланылады. Қарулы күштерге еш қатысы жоқ.