Украина сабақтары

Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті

  • © REUTERS / GLEB GARANICH

    © REUTERS / GLEB GARANICH

Владимир Зеленский дүйсенбі, 20 мамыр күні Украина президенті қызметіне кірісті. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы Жоғарғы Раданың салтанатты жиналысында ант қабылдады.

Халықтың еркімен сайланған президент Владимир Зеленский Украинаға адал болуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Украинаның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Украинаның әлемдегі беделін көтеруге салтанатты түрде ант берді.

Зеленский тиісті құжатқа қол қойып, оны Конституциялық соттың басшысына тапсырды. Осыдан кейін Владимир Зеленский мемлекет басшысы билігінің ресми символдарын алды.

Украинаның бұрынғы төрт президенті Леонил Кравчук, Леонид Кучма, Виктор Ющенко және Петр Порошенко Жоғарғы Раданың салтанатты отырысына қатысты.

Ұлықтау рәсіміне сондай-ақ құрметті қонақтар, атап айтқанда, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Венгрия басшылары, АҚШ-тың энергетика министрі және Канаданың қорғаныс министрі келді. Қазақстан делегациясын парламент сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барды.

Sputnik

 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 15:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29