Зеленский қандай жағдайда Путинмен келісімге келетінін айтты

24 мамыр 2022, 12:36

Зеленский қандай жағдайда Путинмен келісімге келетінін айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен тек қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша кездесуге дайын екенін айтты.

 

"Мен Путиннен басқа Ресей өкілдерімен кездеспеймін. Екі мемлекет басшысы қозғауы керек басты мәселе - соғысты тоқтату. Бұдан басқа көтерілетін мәселе де жоқ", - дейді Украина президенті.

 

Зеленский дәл қазір Путинмен жеке кездесудің қиын екенін айтты.

 

"Ресей басшысымен кездесу ұйымдастыру оңай болмай тұр. Дегенмен біз жанжалды аяқтауға тырысуымыз керек", - деп қосты ол.

 

Сонымен қатар, Киев тұтқындарды шұғыл алмастыруға дайын екенін білдірді.