Зеленский Қытайдың Украинаға қатысты ұстанымына пікір білдірді

25 мамыр 2022, 08:37

Украина президенті Владимир Зеленский NHK жапондық басылымына берген сұхбатында Қытайдың Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстағы ұстанымы туралы айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Зеленский Пекиннің Ресейдің Киевке қарсы соғысына Батыстың өркениетті елдері сияқты жауап бермегенін еске салды.

 

Сондай-ақ, Украина көшбасшысы басқа елдер осындай агрессияға бармауы үшін Ресейді жауапқа тарту өте маңызды екенін тағы да атап өтті.

 

"Қытай үшін бұл жағдай қалыпты", - деді Зеленский.

 

Ол Пекинді Ресеймен "бірігуден" сақтандырды және Жапония екі державаның осындай "ынтымақтастығының" қаупін жақсы түсінетінін атап өтті.

 

"Біз үшін Жапонияның Украинаны толық қолдауы маңызды. Жапония, АҚШ, Аустралия және Үндістан секілді елдердің қолдауы басқа елдерге сигнал жіберу", - деді Зеленский.