Зеленский НАТО-ның шешімін сынады

05 наурыз 2022, 11:15

Брюссельдегі саммиттен кейін Владимир Зеленский НАТО-ның Украина аспанын «ұшуға болмайтын аймақ» деп жарияламауына қатысты шешімін қатаң сынға алды.

 

Зеленскийдің сөзінше, аталған ұйым осылайша Ресейдің украин жерін әрі қарай да бомбалай беруге толықтай мүмкіндік беріп отыр.

 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

 

- НАТО саммиті өтті. Бұл кездесу бостандық үшін күрестің кейбіреулерге Еуропаның басты мақсаты саналмайтынын көрсетті. Енді бүгіннен бастап қаза тапқан азаматтардың бәрі сіздердің әлсіздіктеріңіздің кесірінен көз жұмған болады.

 

 

 

24.kz