Зеленский Ресеймен дипломатиялық келіссөздер шартын түсіндірді

17 желтоқсан 2022, 09:56

Украина президенті Владимир Зеленский британдық The Economist журналына сұхбат беріп, Ресеймен қақтығысты дипломатиялық жолмен шешудің шартын атады. Саясаткердің сөзін «Украинская правда» жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Зеленский Украина өзінің 1991 жылғы шекараларын қалпына келтіруі керек екенін (Украинаның КСРО-дан тәуелсіздігі жарияланған кездегі), өйткені бұлай болмаса, агрессор қайтадан оралатынын айтты. Ол сондай-ақ соғысты әскери жолдан дипломатиялық жолға тек Ресей президенті ғана ауыстыра алатынын атап өтті.

 

«Егер ол қазір 1991 жылғы шекараға дейін шегінсе, дипломатияның ықтимал жолы басталады. Соғысты әскери жолдан дипломатиялық жолға кім көшіре алады?  Мұны тек ол (Владимир Путин – ред.) жасай алады»  деп келтіреді  басылым.

 

Бұл туралы журналистерге Украина президентінің өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, «бүкіл әлем, ең алдымен, жай қолдау көрсетіп қана қоймады, дипломатиялық, экономикалық тұрғыдан санкциялар, оқшаулау –  агрессияның өтемі. Шекарадан шығып, содан кейін нақты көрініске қарай қимыл жасау керек.

 

Украинаның соғысты тоқтату шарттары

 

Еске салайық, Путин Донбаста арнайы әскери операция басталғанын жариялағаннан кейін бірнеше күн өткен соң келіссөздер үшін екі жақтан делегациялар жасақталған болатын. Келіссөздер бірнеше айға созылды, содан кейін олар тығырыққа тірелді. Зеленский дипломатияны қалпына келтіру үшін ең алдымен Ресей әскерін Украина аумағынан шығару қажет деп бірнеше рет мәлімдеді.

 

Ал қарашаның ортасында Индонезияда өткен G20 саммитінде Зеленский келесі 10 тармақтан тұратын украиналық бейбітшілік формуласын ұсынды:

 

Украинаның радиациялық және ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Украинаның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Барлық тұтқындар мен жер аударылғандарды босату;

БҰҰ Жарғысын жүзеге асыру және Украинаның аумақтық тұтастығын және әлемдік тәртіпті қалпына келтіру;

Орыс әскерлерінің шығарылуы және соғыс қимылдарының тоқтатылуы;

Әділеттілікті қайтару;

Экоцидке қарсы тұру;

Эскалацияны болдырмау;

Шекарадан шығу,

Соғыстың аяқталуын белгілеу.

 

Оның айтуынша, ресейлік тарап Украинаның аумақтық тұтастығын растап, барлық әскерін шығаруы, сондай-ақ келтірілген шығын үшін өтемақы төлеуі керек. Зеленский G7 елдерінің көшбасшыларымен кездесуі кезінде Ресей тарапына Рождество мерекесіне дейін Украинадан әскерлерін шығара бастауды ұсынды.

 

«Сіздер біздің үндеуімізді қолдайсыз деп үміттенемін. Өйткені бұл жаһандық мүдде. Бұл біздің бейбітшілік формуламыздың бір бөлігі. Басқыншы кетуі керек. Бұл міндетті түрде болады. Мен Ресейдің қазір мұны жасамауының еш себебін көрмеймін» дейді Зеленский.