Зеленский саясаткер В.Медведчукты әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынды

13 сәуір 2022, 10:33

Владимир Зеленский Мәскеуге Украина қауіпсіздік қызметі ұстаған саясаткер Виктор Медвечукты әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Жоғарғы Рада депутаты тығылып Ресейге өтпек болған.

 

Еске сала кетейік, Виктор Медведчук Украинадағы "Өмір үшін оппозициялық платформа" партиясын басқарған.

 

Оған былтыр мамыр айында мемлекетке опасыздық жасады және лаңкестік ұйымға қолдау көрсетті деген айып тағылған. 

 

Нақтырақ айтқанда, ол өзін өзі жариялаған Донецк және Луганск халықтық республикалардан көмір тасымалдау ісіне көмектесті деген күдік бар. Осы іске байланысты саясаткер үйқамаққа алынған еді.

 

Бірақ Ресей Украинаға шабуыл жасаудан бірер күн бұрын Медведчук қашып кеткен.