Сайлау-2019

17 жастағы Асылжан Нұралина "Атырау аруы - 2019" болды

  • 17 жастағы Асылжан Нұралина

    17 жастағы Асылжан Нұралина "Атырау аруы - 2019" болды

Мұнай астанасының бірінші сұлуы 17 жастағы Асылжан Нұралина болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Прикаспийская коммуна" сайтына сілтеме жасап. Байқау бес кезеңнен тұрды. Ол 5 сағатқа созылды. 18 қыз әсемдік, ақыл және актерлік шеберліктерін көрсетті.




Байқауға қатысушылардың көбі кәсіби хореографтар екен. Сондықтан би көп болды. Асылжан Нұралина өзбек биімен көрерменді тәнті етті. Әсем Заленова Шакираның биін дәлме-дәл қайалап берді.



Оны бала кезінден Шакира деп атайды екен. Әсемгүл Нұрбаева құммен тәж киген қыздың бейнесін салды. Ал көшеде ұрлықшыдан қорғануды Жұлдыз Талибеденова үйретті. Спортшы қыз джиу-джитсу бойынша өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша "Атырау аруы - 2019" 17 жастағы Асылжан Нұралина болды.



Ол М. Бекмұхамбетов атындағы қалалық орта мектептің 11-сынып оқушысы. "Мен бала кезімнен ару атануды армандадым. Көп жұмыс істедім, би үйірмесіне бардым, қазір өзімнің тобым бар. Жеңіс менің қолымда болатынына сенімді болдым", - дейді Асылжан. Байқау жеңімпазы көрермендерді ерекше шығыс әсемдігімен таңғалдырды.



Сыйлыққа ол белгілі дизайнерлерден бірнеше көйлек, сұлулық салонына жылдық абонемент және Германияға жолдама алды. Атыраудың екінші вице-аруы Роза Майранова атанды. Бірінші вице-арудың тәжін Камила Баймұратова киді.




© Суреттер "Прикаспийская коммуна" сайтынан 


 




Көрілген: 3357    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30