Сайлау-2019

Қазақстан президенті сайлауы 2019 Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері ашылды

  • Қазақстан президенті сайлауы 2019 Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері ашылды

    Қазақстан президенті сайлауы 2019 Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері ашылды

 Заң бойынша сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі. Бірақ тиісті нормаларды қатаң сақтау керек


НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда сайлау учаскелері ашылды. Барша қазақстандық таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970 (48 учаске 06:00-де ашылды). Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істейді.



 


Бюллетеньде кандидаттардың аты-жөні әліпби тәртібімен орналасады:


Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы

Еспаева Дания Мәдиқызы

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

Түгел Сәді-Бек



Дауыс беру тәртібі

Дауыс беруге келетін адам алдымен сайлау комиссиясының мүшелеріне барып, жеке куәлігін көрсетуі керек. Осыдан кейін оны тізім бойынша тексереді де, қолына бюллетень ұстатады. Сайлаушы дауыс беру кабинасына жалғыз өзі кіреді. Бюллетеньді фотоға түсіруге болмайды.



 


Кабинадан шыққаннан кейін бюллетеньді шыныдан жасалған жәшікке салу қажет. Дауыс беру құқығын басқа біреуге тапсыруға болмайды.


Бюллетеньде әрбір кандидаттың аты-жөніне қарсы кішкентай квадрат болады. Сол жерге кез келген белгіні қоюға рұқсат бар. Алайда қарындашты қолдануға болмайды. Сайлаушы бір кандидаттан артық белгі қойса, ондай бюллетень жарамсыз болып саналады.


Кабинаға екі адамға кіруге болады

Заң бойынша дауыс беру кабинасына тек бір адамға ғана кіруге рұқсат. Алайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өзімен бірге бір көмекшіні алып жүруге болады. Бірақ ол көмекші сайлау комиссиясының мүшесі, жергілікті атқарушы органның тұлғасы, кандидаттың сенімді өкілі, журналист пен байқаушы болмауы тиіс.


Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 680 мың адам бар. Олардың 500 мыңнан астамы дауыс бере алады.



Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дауыс беру кабинасы




Сайлау күні комиссия мүшелері сағат 12.00-ден кейін учаскеге келе алмайтын азаматтарды аралап, дауыс жинайды. Бірақ ол үшін бұл азаматтар 12.00-ге дейін келе алмайтындарын ескертіп, өтініш жолдауы тиіс. Мұндай мүмкіндік денсаулығына, бала күтіміне, сондай-ақ шалғай орналасуына байланысты учаскеге келе алмайтындарға беріледі.


Дауыс санау кезеңі

Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін бірден дауыс санау басталады. Сағат 20.00-де сайлау учаскесінің есігі жабылады. Бірақ іште қалған адамдар дауыс беріп, шыға алады.


Сайлау учаскесі

Дауыстарды санау кезінде алдымен қолданылмаған бюллетеньдер есептеледі. Одан кейін тасымалданатын жәшіктер ашылады. Бұдан соң сайлау учаскесінде тұрған жәшік төңкеріледі.


Халық аз келсе, сайлау заңды болып санала ма?

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша жылдың басында сайлаушылар тізіміне 11 814 019 адам енгізілген болатын. Олардың барлығы дауыс бере алады.


Еуропа құқығы және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімовтің айтуынша, конституция бойынша әрбір Қазақстан азаматы сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге құқылы. Алайда сайлауға бармаса да, өз еркі.


"Сайлауға қанша адам келеді, сонша дауыс санайды. Біздің заңнамамызда сайлаушылардың ең аз саны жазылмаған. Адам аз келсе де, көп келсе де, сайлау өтті деп саналады", - дейді Бәшімов.


Сайлау учаскесінде бейнежазба жасауға бола ма?

"Қолданыстағы заңда сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі деп жазылған. Бірақ, бұл жағдайда заң нормаларын қатаң басшылыққа алу керек. Ең алдымен, учаскелік комиссиялардың қызметіне кедергі келтіруге, араласуға, сайлаушылардың жеке мәліметтерін таратуға болмайды. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев.


 



 


Сайлау учаскесіндегі дауыс беру кабинасы


sputniknews.kz


 




 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.06.2019, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30