Амангелді Айталы, ф.ғ.д, профессор: Төрт жасқа дейінгі баланың бойына сіңірген білім мен тәрбие ісіне жұмсалған қаржы ең тиімді ұлттық инвестиция

Амангелді Айталы, ф.ғ.д, профессор: Төрт жасқа дейінгі баланың бойына сіңірген білім мен тәрбие ісіне жұмсалған қаржы ең тиімді ұлттық инвестиция

Көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы: «Жоғары адами капитал, біріншіден, адамның өзіне, өзінің денсаулығына басқа көзбен қарауға бейімдейді, денсаулық өзінің, отбасының байлығының, табысының көзі, өзіне жұмсалған қаржының қайтаруының шарты, несие алып оны төлеудің кепілі» деп санайды. Осы орайда ғалымның адам капиталына қатысты қазақ басылымдарына берген мақаласындағы орамды ойларын назарларыңызға ұсынамыз.

Америкалық экономист Теодор Шульц ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының басында адами капитал деген ұғымды енгізді. Адами капитал деген не? Әдетте, капитал десе біздің ойымызға қаржы, байлық, ақша, құн, мұнай, газ, алтын мағынасында түсінік келеді. Ал, бүгінгі күні адам капиталы дегеніміз адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бүгінгі бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды, ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады. «Білім экономикасы», «Парасатты экономика», «Ақылды экономика», деген тіркестер пайда болды. «Адами капитал» деп тек білімді, парасатты, дәулетті адамды айтамыз. Бұл ерекше капитал, ол адамнан бөліне алмайды, алып-сатуға келмейді, көзге көрінбейтін капитал, оның ықпалы, игілігі бірден көрінбейді де.
Әлемдік қауымдастық бірнеше онжыл¬дықтар бойы әр мемлекеттердегі адам да¬муының деңгейін, негізгі өткір үрдіс¬терін талдап келеді. Осы сараптамашылар негі¬зінде Адам Дамуының Индексі (АДИ) (Ин¬декс-Человеческого Развития-ИЧР) ғы¬лыми есептер дайындалады.
АДИ мемлекеттердің білім беру, ден¬саулық жағдайы және жан басына есеп¬тегендегі табыстары бойынша үш бағытта жіктейді:
1. болжамды өмір жасының ұзақ¬тылығына қарай денсаулық және ұзақ өмір сүру;
2. ересектердің сауаттылығымен және жалпы біліммен қамту коэффициентіне қарай білімге қол жеткізу деңгейі;
3. жалпы ішкі өнім деңгейіне сәйкес лайықты өмір сүруге болатын жан басына есептегендегі табыс АҚШ долларымен өлшенеді.
Осы деңгейлерге сәйкес әлем мем¬лекеттері төрт категорияға бөлінеді:
1.АДИ өте жоғары елдер;
2.АДИ жоғары елдер;
3. АДИ орта елдер;
4. АДИ төмен елдер.
Қазақстан АДИ деңгейі бойынша жоғары елдердің қатарына жатады. Біздің елдің негізгі көрсеткіштері:
– болжамды өмір жасының ұзақтығы-71,62 жас;
– орта есеппен білім алу ұзақтығы-14,5 жыл (мектеп, университет: бакалавриат, магистратура, доктарантура);
– жалпы ішкі өнім бойынша адам басына есептегендей табыс-девальвацияға дейін 15219 доллар, теңгемен қазір 2 милл. 287 мың 1 теңге.
Қазақстан 188 елдің ішінде 56 орынға ие болды. Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттер АДИ жоғары Ресеймен Белоруссия, олар 50-ші орынды бөліседі. Грузия –76, Азербайжан –78, Украина – 81 және Армения – 85 орындарда. Басқа посткеңестік елдер АДИ бойынша көрсеткіштері төменгідей: Молдава – 107 орында (Еуропадағы ең төменгі көрсеткіш), Түркменстан – 109, Өзбекстан – 114, Қырғызстан – 120 және Тәжікстан – 129 орындарда. Бұрынғы Балтық жағалауындағы елдер ғана адам даму деңгейі бойынша ең жоғары топқа кірген: Эстония – 30, Литва – 37, Латвия – 46 орындарда. Рейтингілердің соңында кенже қалған даму деңгейі өте төмен елдер тұр. Бұл елдер Африкада, Сахараның өңтүстігінде орналасқан: Бурунда, Чад, Эритерия, Орталық Африка Республикасы және Нигер. Бұл елдер тәуелсіздік алған, бірақ, даму жолына төселмеген, болжамды өмір жастарының ұзақтығы 40 пен 50 арасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары өте күрделі, дағдарыста, халықтың сауаттылығы да төмен, тек 30-40% оқи және жаза біледі, адам басына есептегендей табыс жылына мың доллар. Кейбір жеке саладағы табыстарына қарамастан, олар кедейліктен, білім алуға мүмкіндіктің жоқтығынан, ауру-сырқаудан, әсіресе, безгектен, иммунитет тапшылығынан азап шегіп отыр. Бұл елдердің дамуын тежеп отырған ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар. Сондықтан келісім, тұрақ¬тылық – ерекше құндылық, баға жетпес капитал.
Бір кезде Қазақстан АДИ деңгейі бойынша 97-ші, кейін 78-ші, 67-ші орындарда болды. Айта кетейік, АДИ бойынша бірнеше жыл ең жоғары табыстарға жеткен – Норвегия. Өмір жасының ұзақтығы бұл елде ең жоғары – 81,6 жас, адам басына шаққандығы табыс – 64992 АҚШ доллары. Кедейлері жоқ ел. Норвегия әлемдегі мұнай мен газ өндіруші, сатушы ел. Норвегиямен қатар АДИ жоғары елдер қатарына Австралия, Швейцария, Дания, Нидерланды, Германия, Ирландия, АҚШ, Канада, тағы басқа біз талаптанып қатарларына қосыламыз деп отырған мемлекеттер бар. Қазақстанның АДИ бойынша көрсеткіштері еліміздегі аймақтар арасындағы алалықты көрсетпейді. Елімізде аймақтардың дамуы біркелкі емес, біреулерінің экономикалық дамуы жоғары болса, біреулері бар мүм¬кіндікті пайдалана алмай отыр. Президент Н.Назарбаев Ақтөбе облысы бола¬шағы мол өнеркәсіптік өңір болып саналатынын, дегенмен, еліміздің ішкі жалпы өніміне қосатын облыстың экономикалық үлесі жылдан-жылға кеміп келе жатқанын айтты. Мұндай үрдіс 2012 жылдан бері жалғасуда. Біз оның себептерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауымыз керек,– деді Нұрсұлтан Назарбаев. Шындығында да, 2012 жылы облыстың экономикалық үлесі – 5,7%,2013 жылы – 5,1%, 2014 жылы – 4,85%, 2015 жылы – 4,3% құраған. Ішкі жалпы өніміне Алматы қаласының үлесі мол – 21,1%, ең үлесі төмен Солтүстік Қазақстан облысы – 2,2%. Ақтөбе облысы 9-орында. Осыған сәйкес, аймақтардың адам басына есептегендегі табыстары да бірдей емес. Ең табысы мол аймақ – Атырау облысы, адам басына есептегендегі табысы 7 млн. 84 мың 90 теңге. Ең табысы төмен аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы – 892 мың 600 теңге, (16орын). Ақтөбе облысының адам басына есептегендегі табысы 2 млн. 67 мың 800 теңге, (8 орын). Бұл әрине орта есеשּׁпен алғанда, қала, аудандар арасында айыр¬¬машылықтар да бар. Астана мен Алматы қалаларының адам басына есептегендегі табысы 5 млн. астам, олар 2-3 орындарда.
Жан басында есептегендегі табыс тұр¬ғындардың сатып алу қабілетіне, бала¬ларының білім алуына, сапалы емде¬луіне, баспана алуына мүмкіндік береді, қолайлы не қолайсыз көңіл-күй де туғызады. Президент білім беру жүйесіне зор мән берді. Үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесін айта келіп, қазақ тілінің басымдығының сақталатындығына баса назар аударды. Биылғы жылы «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастайды» деді Елбасы. Бірқатар мектеп бітірушілер теміржолшы, құрылысшы, басқа да жұмысшы мамандықтарын таңдайды, оларға ағылшын тілін білу міндетті де болмас. Сондықтан, ағылшын тілін, мүмкін, оқушылардың мамандық таңдауына байланысты оқытып, қаржыны тиімді пайдаланған да жөн. Сонымен бірге, біз қанша тілді үйреткенімізбен, тілдік орта болмаған жерде тіл ұмытылады. Сондықтан, бірқатар мемлекеттер де ағылшын тілін болашақ дипломат болам деушілерге, шетел компанияларында белгілі мамандықтар бойынша жұмыс істеймін деушілерге, жаратылыстану, басқа да ғылымды таңдаған оқушыларға арналған мектептерде, топтарда оқытады. Президенттің «кезең кезеңмен» деуі¬нің астарында ол тілді үйретуді бір қызу науқаншылыққа айналдырмау ұста¬нымы жатыр. Қазақ мектептерінде ағыл¬шын тілі орыс тілі емес, тек қазақ тілі арқылы оқытылуы тиіс. Елбасы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға мән берді. Қазақстанда шағын жинақталған мектептер барлық мек¬тептердің 44,1% құрайды. Мына пәндер бойынша кабинеттер жоқ: фи¬зика – 37,7%, химиядан – 39%, био¬логия¬дан – 39,3%, математикадан – 29,3%, лин㬬¬ва¬фон кабинеттері – 49%. Ол мектепте оқитын оқушылардың орташа балы республика бойынша ҰБТ қортындыларынан 4,45 бал төмен. Бұлар негізінен қазақ мектептері, бұл оқу¬¬шылардың хұқын шектеу, болашақ қазақ интеллигенциясының сапасына да үлкен зиян келіп отыр.
Ғалымдардың баяғыдан бері анық¬таулары бойынша, төрт жасқа дейінгі ба¬ланың бойына сіңірген білім мен тәрбие ісіне жұмсалған қаржы ең тиімді ұлттық инвестиция, ол бес еселеп қайтарылады. Ал, осы салада қаржы үнемдеу ол түбі қайыршылыққа апарады. Сондай-ақ 11 жасқа дейін балаға арналған инвестиция баланың жасампаздық қабілетін, күшін өсіреді, ал, оған мән берілмесе, кертартпа, тоқмейіл мінез қалыптасады. Бүгін де Қазақстанның 10 аймағында, оның ішінде де Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе облысы да бар, барлық балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан әйелдер де еңбекке араласа алмай отыр. Ақтөбе облысында балалардың 92% ғана мектепке дейінгі тәрбиеге қол жеткізген. 2018 жылы барлық сәбилер балалар бақшасына баратын болады. Тек 2016 жылы облыста 3090 орынды сегіз мектеп іске қосылды. Мектепке жұмсалған интеллектуалдық еңбек пен қаржы өз тиімділігін бүгін емес, ертең береді. Студент бұл ертеңгі күннің капиталы, уақыт өте ол экономикалық, кісілік, саяси құндылыққа айналады. Өкініштісі, жастардың бірқатары білім емес, диплом алуға тырысады. Ал, Қазақстандағы әр қызметкер бір жылда 17 мың доллардың өнімін өндірсе, дамыған елдерде ол 90 мыңға тең. Ауыл шаруашылығында бір қызметкер 3 мың доллардың өнімін өндірсе, дамыған елдерде – 50-70 мың доллардың өнімін өндіреді. Интеллектуалдық элита енді қалыптасып келеді. Қазақстан бүгін шет елдерден жоғары кәсіби мамандарды әкеліп жатыр. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, әр жылы шамамен елге 30 мыңға жуық маман жұмыс жасайды, олардың 70-80% жоғары кәсіби мамандар, менеджерлер. Әрбір банк, ірі компанияларда шет елдік кеңесшілер бар. Сонымен бірге, Қазақстаннан білімді адамдар кетіп те жатыр. 2015 жылы Қазақстаннан 30080 адам кеткен. Олардың 70% еңбекке жарамды жоғары білімді мамандар, инженерлер, экономистер, заңгерлер, дәрігерлер. Негізінен олар Ресейге көбірек кетуде. Ал, келушілер кетушілерден екі есе кем. Олардың көбі қазақтар (60%), 77% еңбекке жарамды, басым көпшілігі орта және арнаулы орта білімді мамандар.
Жоғары адами капитал, біріншіден, адамның өзіне, өзінің денсаулығына басқа көзбен қарауға бейімдейді, денсаулық өзінің, отбасының байлығының, табысының көзі, өзіне жұмсалған қаржының қайтаруының шарты, несие алып оны төлеудің кепілі. Сондықтан, еңбек ақысы жоғары мықты дәрігерге, сапалы денсаулықтың инфро¬құрылымына сұраныс өсіп отыр. Спорт, әртүрлі демалыс орындарының да дамуы қажет. «Қымбат адам» ол білімді, дені сау, ай сайын табысы бар, отбасын асырайтын, несиесін төлеуге қабілетті, денсаулығын күтетін азамат. Темекі тарту, арақ ішу, ысырапшылдық, тойға, садақаға шашылу, тыраштанып қаржы шашу ол кедей, артта қалған елдердің әдеті. Бүгін салауатты өмірдің үлгілері жайлап бізге де келіп жатыр. Екіншіден, адами капитал адамды өзін-өзі сыйлатуды қалыптастырады. Білімді, дені сау, дәулетті маман, өзіне-өзі қожа, ол қол жайып көмек сұрамайды, өз қасиетін бағалайды, ол «кішкентай» тәуелді адам емес, өзгені де сыйлайды, ешкімге табынбайды.
Сонымен қатар биыл медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. «Бұл жүйенің тиімділігі әлем¬дік тәжірибе арқылы дәлелденген», – деді президент. Ақтөбе облысы халқының болжамды орта жасы – 72,00 жас, әйелдердің жасы – 76,42, ерлердің жасы – 67,29. Ақтөбе облысында бес жасқа дейінгі сәбилер арасында шетінеу жоғары – 11,77, бұл 2010 жылмен салыстырғанда төмен (19,78), бірақ дамыған елдерде бұл 3-5-тен аспайды. Сәбилердің ең аз шетінейтін қаласы Астана (8,08), ең көп шетінейтін Қызылорда облысы (16,45), 2010 жылы 26,5 болған. Ақтөбе облысында болжамды өмір жасы ұзақтығы өседі деген сенім бар. Ақтөбе қаласында аймақтық медициналық кластер, әлемдік деңгейдегі клиникалармен келісім-шарттар жасалуда.
Халықтың денсаулығы әлеуметтік тұрмыс, экологиялық жағдайына қол жеткізуге таза суға байланысты. «Без канализации нет цивилизации» деген қанатты сөз бар. Елімізде, алдын ала деректер бойынша, тұрғын үй қорының 60,3% кәрізбен, 40,0% орталықтан жылытумен, 39,8% ваннамен немесе себізгімен, 91,4% газбен, 36,6% орталықтан ыстық сумен жабдықталған.
Сонымен, Президентбелгіленген еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы жаңашыл білім, ғылым, технологияға, әсіресе, тиімді инвестиция салуға лайық адами факторға басымдық береді.


(Мақалада Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің деректері пайдаланылды)

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста