Едіге Алпысбай, экономист: Ислам қаржы жүйесін халыққа дұрыс түсіндіру қажет!

Едіге Алпысбай, экономист:  Ислам қаржы жүйесін халыққа дұрыс түсіндіру қажет!

 Негізінен араб елдерінен бастау алатын, кейін келе Оңтүстік Шығыс Азияда қанат жайып, сосын батыс мемлекеттеріне «ауыз салған» ислам қаржы жүйесі Қазақстан нарығында да белсенді бола бастады. Бұл жүйе туралы айта бастағанда оның исламдық тұрғыдан тазалығы басты көзір етіледі. Әйтсе де қоғамда, тіпті кәсіби қаржыгерлердің арасында да ислам банкі ұғымы әлі толық түсіндірілмеген, дүдәмал жүйе секілді болып тұр. Біреулер бұл банктерді тегіннен тегін қаражат тарататын ұйым деп түсінсе, енді бірі соңғы уақыттардағы исламға жағылған қара күйелердің кесірінен бұл жүйеге күмәнмен қарайды. Ислам қаржы жүйесін ұстанатын банктер де өзге банктер секілді табыс табуды мақсат етеді. Дегенмен ешкімнің үстіне пайыз жүктеп, әуре-сарсаңға салмайтын жүйе. Соңғы 10 жылдан бері Қазақстан нарығына араласқан жүйе туралы экономист Едіге Алпысбай әңгімелеп берді.

Ислам қаржы жүйесі туралы сөз бола бастағанда былайғы жұрт әлі де болса кібіртіктеп, бұл туралы көп нәрсе білмейтіндігін аңғартып қояды. Бұл жүйе қандай жүйе және біздің еліміздегі хал-ахуалы қандай?

Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы Ислам қаржы жүйесі бойынша конференция өткізіліп, ресми түрде сол уақыттан бері біздің елде бұл жүйе қолға алынды. Сол кезден бастап алғышарттар жасалды. Одан бұрынырақта бізде Ислам даму банкі болды. Ол - коммерциялық банк емес, халықаралық қаржы ұйымы. Негізінен Ислам ынтымақтастық ұйымының бастамасымен құрылған және сол ұйымға мүше елдерге қаржылық, инвестициялық, инфрақұрылымдық қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді. 2009 жылы ресми заң қабылданды елімізде. Бұл заңға сол жылы 12 ақпанда Президент Назарбаев ресми түрде қол қойған болатын. Ол бойынша ислам банктерінің қызмет ету үрдісінің құқықтық негіздемелері, кәсіпкерлікті қаржыландыруға бағытталған шаралары, ислами құнды қағаздарды шығаруы және оларды айналымға енгізуі заңмен қадағаланады және реттеліп отырады. Содан кейін 2010 жылы алғашқы сандық банк ашылды. Одан басқа нарық бойынша жұмыс істейтін сандық консалтингтік компаниялар бар. 2012 жыл алғаш рет біздің халықаралық компаниямыздың Астанада өкілдігі ашылды. Ол кезде тек ғана Ислам даму банкі Малайзияда исламдық құнды қағаздар шығарған болатын. Сол кезден бастап кеңесші болып жұмыс істей бастадық. Бірнеше лизингтік компаниялар, сақтандыру бойынша жұмыс істеген компаниялар болды. Сөйтіп даму жағдайы ақырындап бір жолға түсіп келе жатыр. Одан бері заңға да бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі кезде ислам банктеріне исламдық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңнама бар. Ислам банктері де өзге банктер секілді негізгі қаржылық қағидаларына сүйене отырып пайда табуды көздейді. Бірақ, бұл тұрғыда олар басқаша механизмді пайдаланады. Мәселен, әдеттегі европалық көзқарасты банктер ақшаны пайыздық төлем қосу арқылы сатып алып, оны қайта сатылымға шығарса, ислам банктері пайданы бөлісу, арендалық төлемдер және комиссия есебінен түсетін қызметтің есебінен табыс табады. Ислам банктері туралы ақпарат іздеген адамдар оңай таба алады қазір. Оның үстіне біз секілді ұйымдар мен компаниялар тиісті кеңестерді беріп, ақпараттандыра алады. Дәл Қазақстанда бұл ислам қаржы жүйесі туралы қандай да бір ақпарат беретін, сауат ашатын қазақ тілінде шыққан кітаптар жоқ. Алайда бұл тұрғыда ағылшын, орыс, араб тілінде шыққан еңбектерді тауып оқуға мүмкіндік бар.


Сонда бұл банктердің өзге дәстүрлі банктерден нақты қандай айырмашылығы бар?

Өзге банктерден мынадай айырмашылығы бар деп бөле-жару айту қиын. Десе де ең негізгі айырмашылығы бұл жүйе – халал қаржы жүйесі. Негізінен шариғат қағидаларына қайшы келмейтін ұстанымдарды ұстанады. Функциялық тұрғыдан басқа банктер секілді нарықтағы бос қаражатты жинап, сол қаржыны іздеушілерге үйлестіру бойынша аралық функция атқарады. Және сол қаржыны жинау және тарату механизмі сәл басқаша болады. Себебі экономикалық теория тұрғысынан исламда ақша ұғымы тек айырбас құралы ретінде қарастырылады да, оны сату немесе сатып алу деген ұғым қалыптаспаған. Ақшаны сатудан түсетін пайда, яғни, өсім зиянды болып есептеледі. Соңғы екі жылда белсенділік өте жоғарғы деңгейде артты. Халық тарапынан да сұраныс пен қызығушылық бар. Оның үстіне банктердің нарықтағы белсенді ойыншыға айналып келе жатқаны аңғарылады.
Әйткенмен көпшілік олар пайызсыз несие таратады деп, мейлінше тегін қызмет көрсетіп, қаражат ұсынатын жүйе секілді қарастырады.

Пайызсыз несие дегенді дұрыс түсіну керек. Экономикалық тұрғыдан алғанда пайыз деген табыссыз деген ұғым емес. Пайыз деген термин, яғни, ақшаны сатудан түсетін пайданы айтамыз. Демек, бұл пайыздық өсімдік табыстың, яғни, әлгі өсімнің болмауы. Әйтпесе, ислам банк дегеніңіз кәдімгі табыс табатын коммерциялық ұйым. Белгілі бір қызметті сатуы мүмкін, активтерді саудаға шығаруы мүмкін, оның өзінің әртүрлі қаржылық өнімдері бар. Бұл жерде пайызсыз дегенге «е олар тегін ақша береді екен» деген қате ұғым қалыптаспауы керек. Ал қазіргі таңда елімізде ислам қаржы жүйесі негізінде екі банк жұмыс істейді. Бірі – Әбу-Дабидің Қазақстанда ашқан Әл-Хилал банкі. Екіншісі - жақында ғана лицензия алған коммерциялық ислами "Заман" банкі. Банк ретінде Қазақстан аумағында осы екі ұжым жұмыс істеп жатыр. Олардан бөлек лизингтік компаниялар да бар. «Kazakhstan Ijara Company» мен «Әл-Сакр» деген исламдық лизингтік компаниялар жұмыс істейді. Лизинг дегеніміз - бұл ұзақ уақыт күтпей, уақыт шығындамастан жылдам қаржыландыруға қол жеткізу ғой. Бұл өзге өндірістік мақсаттағы бизнеске пайдаланылатын айналым қаражатын сақтауға мүмкіндік береді. Ал «Kazakhstan Ijara Company» қаржылық лизинг ұсынатын жаңа компания. Олар ислам ұстанымдарын сақтай отыра қаржыландыруды жүзеге асырады. Компания орта және шағын бизнестің дамуына мүделілік танытады.

Бұл банктерден алған несие уақыты төленбеген жағдайда қандай жаза қарастырылған?

Егер бұл банктегі несие уақытылы қайтарылмаған жағдайда айыппұл санкциясы қарастырылады. Бірақ, ол айыппұлдан түскен қаражаттар банктың шотына түспейді, ол ақшалар қайырымдылық мақсатқа жіберіледі. Регламент бойынша солай. Жалпы, Ислам банктері де екінші деңгейлі банктер болып саналады ғой. Біздің биліктің, үкіметтің исламдық қаржы жүйесін дамыта түсуге деген көзқарастары өте жақсы. Қолдау көрсетіп жатыр. Бұл әлі де болса көптеген адам үшін таңсық, халық үшін де, нарық үшін де үйреншікті қаржы жүйесі болмағандықтан, сіңісіп, дамып кетуі үшін біраз уақыт керек екені рас. Ал былай қажетті заңнамалық өзгерістер өз кезегімен болып жатыр. Әлі де біраз уақыт керек. Жалпы, мемлекеттің қолдауы, адамдардың қалыптасып келе жатқан сенімдері көңіл қуантарлықтай. Осы кезге дейін жұмыс істеп келе жатқан "Әл-Хилал" банкі жеке тұлғалармен жұмыс істемейді, ол корпоративтік ірі мекемелермен, заңды тұлғалармен ғана жұмыс істейді. Ал "Заман" банкі лицензиясын енді ғана алып, ресми түрде жақын арада ғана тіркелгендіктен өз жұмысын осы жылдың аяғында бастайды.


Біздің елімізге енді ғана орнығып, әлі сіңісіп үлгермеді дедік. Ал әлем бойынша беделі мен белсенділігі қай деңгейде деп айта аламыз?

Әлем бойынша салыстырмалы жүйеленген, институционалды түрде осы 2000 жылдардан кейін белсенді түрде дамып келе жатқан жүйе болып саналады. Даму қарқыны өте жоғары. Жыл сайын өзінің даму жылдамдығын 15 пайызға дейін арттырып жатыр. Қазіргі таңда жеке қордағы қаржылық активтерінің саны 3 триллион долларға жақындап қалды. Бұл әлбетте өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан ислам қаржы жүйесінің дәл қазіргі сәтте дүниежүзі бойынша ерекше даму деңгейіне куә болып отырмыз деп айтуға болады. Енді Араб мемлекеттерінің ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Малайзия, Индонезия өз алдына, Еуропада, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда исламдық құнды қағаздар шығару тенденциясы байқалады. Өйткені араб елдерінде жалпы исламдық қаржы нарығында шоғырланған үлкен капитал бар. Олар жылдан жылға инвестициялық таңдау барысында исламдық қаржы өнімдеріне көбірек қаражат салуды қарастырып жатыр. Сондықтан кез келген батыс мемлекеті болсын, Австралияда болсын, Жапония, Кореяда исламдық қаржы нарығындағы инвесторларға арналған құнды қағаздар шығару жоғарғы қарқында жүріп жатыр. Бұл жүйе Америкада да бар. Жалпы, әлем бойынша белең алып отыр.


Ислам қаржы жүйесі дегенге клиенттер арасында мұсылман мен шариғат талаптарынан хабардар болу керек шығар деген ой туындауы да мүмкін ғой..?

Кез келген банк заңнамалық негізде жұмыс істейтіндіктен, бұл жерде де кәдуілгі банк табиғаты мен талаптарына негізделген жарғы, ереже бойынша жұмыс істейді. Жалпы, ислам қаржы жүйесі қызметін тұтыну үшін міндетті түрде шариғат талаптарын біліп, мұсылманшылықтан хабардар болу шарт емес. Кез келген банкке барғандағыдай келісім-шарттармен танысып, әрі қарай қажетті шараны жүзеге асырады. Тек бұл банктердің өзгелерден айырмашылығы мейлінше таза, әділ, шариғатқа негізделген тәртіп бойынша қызмет көрсетуінде. Болмаса заңдық талаптары, клиенттермен келісілетін шарттарының барлығы өзге банк жүйелерімен бірдей. Клиенттер банктің бәсекеге қабілеттілігіне, қызметінің сапасына байланысты өздері таңдау жасай алады.
Өзіңіз осы бағытта нақты қандай қадамдар жасап жатырсыз?

Біздікі де коммерциялық ұйым. Біз консалтингтік ұйым мәртебесі негізінде ақыл-кеңес көрсетумен айналысамыз. Осындай ислам банктерін ашамын деген ұйымдар мен мекемелерге кеңес береміз. Біз негізі малайзиялық компанияның Қазақстандағы өкілдігі ретінде жұмыс істеп, сондай ниеті бар азаматтарға құжат бойынша, құрылым бойынша ислам банкін қалай ашу керектігіне қатысты ақыл-кеңес береміз. Қазіргі таңда ислам қаржы ұйымын құруға байланысты бірнеше банкпен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы келісімдер нәтижесінде исламдық еншілес банктер Қазақстанда ашылып қалуы мүмкін жақын арада. Сонымен қатар, біз құнды қағаздар шығару бойынша да көмектесеміз. Бұл тұрғыда мемлекеттік компаниялармен де бірігіп қызмет атқарып, оларға құнды қағаздар шығарып, инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқарудамыз. Осындай бағытта атқарылып жатқан көптеген шара бар. Сондай-ақ, ислам қаржы жүйесіне қатысты халықты сауаттандыру, осы жүйенің тиімділігін түсіндіру мақсатында да көптеген шара ұйымдастырылады. Ондай тренинг, семинарларды да ақылы және ақысыз түрде де ұйымдастырамыз. Мұндай шаруаларды Астана қаржы ұйымы да жиі қолға алып тұрады. Бұл бойынша арнайы оқу бағдарламалары да бар. Көбінесе Алматы мен Астана қалаларында ұйымдастырып, жоғарғы оқу орындарына да кездесулерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста