Жәнібек Қожық: "Той мен садақа өткізудің тәртібі белгіленуі керек"

Жәнібек Қожық: "Той мен садақа өткізудің тәртібі белгіленуі керек"

Кейбір елдер той өткізуге қатысты өздерінің тәртібін мемлекеттік түрде бекіте бастады. Мәселен тәжіктер тойдың уақытына шектеу қойды. Осыған орай біздің елімізде де той өткізудің әдебін, тәртібін өткізу туралы айтыла бастағанына талай уақыт өтті. Еліміздегі кейбір өңірлер кісі қайтыс болған соң жайылатын дастарханға шектеу қою туралы бастама көтеріп, оны іске де асыра бастады. Ұлттық ұстанымымыздан ажырап, той түгілі садақа берудің де даңғазаға айналып бара жатқаны қынжылтпай қоймайды. Осы орайда осы ұсынысты бастама етіп көтеріп жүрген азаматтардың пікірін ескеруді жөн көрдік.

Жәнібек Қожық

Құрметті достарым!
Мен осы жылдың басында "Садақа өткізудің Маңғыстаулық ортақ әдебі" атты өз жобамды Шетпенің ақсалдарына ұсынғанмын. Ақсақалдар жобаны бір ауыздан қолдап, сәуір айында Шетпенің мәдениет үйіне 500 адамды жинап, үлкен жиын өткізіп үндеуді елге жариялаған болатын. Халық біздің ұсынысымызды бір ауыздан қолдады. Соның нәтижесінде қазір Маңғыстау ауданында адам қайтыс болып жатқан садақа дастарқанын өте қарапайым етіп өткізіп жатыр. Мысалы садақа дастарxанында алма, апельсин, банандар қойылмайды. Торттар мен түрлі салаттарды баяғыдай қоймайтын болды. Қазір садақаның дастарxаны бір жобаға келіп қалды.

Алла қаласа, енді "Той өткізуді Маңғыстаулық ортақ әдебі" деген жоба дайындап жатырмын. (Әр аймақтың дәстүрі әр түрлі, сол себепті Маңғыстаулық деп жазып отырмын.)
Соған ұсыныстарыңыз болса жазыңыздар.
1. Тойдың шақырылған уақытында басталуы.
2. Асаба туралы, асабаға қандай талап қоюуы керек?
3. Тілек айтудың әдебі.
4. Даңғыра әуенді не істеу керек?
5. Келіннің бетін рестораннан ашу дұрыс па?
7. Құдашаларға қойылатын талаптар, келінге ер адамдар еріп баруға бола ма?
8. Той дастарxанынан арақты алу
9. Қазіргі ресторанда кеште өтетін тойдан үлкен кісілер әбден шаршап шығатын дәрежеге жетті, соларды қалай реттеу керек? 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста