Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Наурыз мерекесінде қайырымдылық ретінде мемлекет жағдайы төмен отбасыларға бір реттік жәрдемақы беруі керек пе?

21 наурыз 2012, 11:27


Бахытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты:
– Шын мә­­­­­нінде, бұл – мем­­лекетке иек арт­пай-ақ жер­гі­лікті билік та­рапынан жаса­ла­тын іс-шара. Олар­дың қо­лын­­да жағдайы тө­мен, көмекке мұқтаж жан­дардың да тізімі тұ­рады. Жергілікті бюджет есе­бінен оларға қа­йырымдылық қолын созып, Ұлыстың ұлы ме­рекесінің қайы­рым­ды­лыққа, ме­йі­рім­ділікке толы ай екенін көр­сету мақсатында бір реттік жәрдемақы та­ға­йындаса дұрыс болар еді. Жергілікті билік өкіл­дері Мәслихат депутаттары шешімімен кө­мекке мұқтаж жандарды анықтап, қа­йы­рым­дылық көр­сет­се, ұлық мерекеміздің де қа­дірін арттырғаны емес пе?! 31 желтоқсан жа­қындағаннан екі ай бұрын шырша құрып, кө­шелерді бе­зен­ді­ріп, сол безендірулерге қыр­уар ақша ша­шып, шабылып кетеміз ғой. Со­ның орнына нау­рыз айында жергі­лікті би­лік өкілдері осын­дай қайырымдылық ша­расын ұйым­дастырса игі іс  болар еді.

Құрманғали АШАНҰЛЫ, кәсіпкер:
– Бұл – өте дұрыс бас­та­­ма. Наурыз ме­­рекесі қар­са­ңында қа­йы­­рым­дылық ре­­тінде мем­лекет жағ­дайы төмен отба­сы­ларға бір реттік жәр­демақы та­­ға­йын­даса, ха­лық­тың Наурыз мерекесіне деген ықыласын арт­тырар еді. Мемлекет қана емес, жағ­дайы бар атқамінер азаматтар қайырымдылық ретінде халыққа арнап наурызкөже пісіріп, Наурыз тойын жасап берсе, тіпті жақсы емес пе?! Бұл менің ойлап тауып отырған нәрсем емес. Ертеде бай-бағландарымыз Наурыз тойын жасап, кедей-кепшікке наурызкөже таратқан. Осынау игі іс бүгінгі күні жалғасын тапса, халықтың да көңілінен шығар бастама болар еді.

Жұлдыз АЙТБАЕВА, «Бауыржан» қайырымды­лық қорының президенті:
– Әри­не, қа­­шанда бол­­­сын қа­йы­рым­­ды­лықтың жа­­сал­ғаны дұ­рыс қой. Қайы­рым­­дылық жасау саласында бірнеше жыл­дан бері жұмыс істеп жүргеннен кейін біраз нәр­сеге көзім жетті. Мәселен, бүгінгі күні жұмыс іс­­темей, мемлекеттен көмек алғысы ке­ле­тіндердің саны артып барады. Осының сал­да­рынан көмекке, шын мәнінде, мұқтаж жан­­дарды анықтау қиындық тудыруда. Әйт­­се де, шын мәнінде, көмекке мұқтаж жан­дар үшін қайырымдылықтың жа­сал­ғаны дұрыс. Осы орайда Наурыз мерекесі қар­саңында мемлекет тарапынан тиісті жандар үшін қайырымдылықтың жасалуын қолдаймын. Әсіресе шұғыл түрде ме­ди­циналық көмекті қажет етіп жатқан балалар үшін, елімізде емі табылмай, шетелдің ме­дицинасына мұқтаж болып жатқан жандар үшін қамқорлық жа­салса, сауабы мол іс болар еді. Мұндай қа­йырымдылық көмек­тер Наурыз мерекесінің де қадірін арттырар еді.