Сауалнама

Тәуелсіздіктің құндылығы неде деп білесіз?



Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты:

– Мен үшін Тәуел­сіздіктің құндылығын арттыра түсер қас­иет­ті нәрселер өте көп. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Елбасымыз тәуелсіз елдің шекарасын бе­кі­тіп алуға күш салды. Кезінде ата-баба­ларымыз білектің күшімен, найзаның ұшы­мен қорғап қалған жеріміздің әрбір мүйісі біз үшін қымбат болуы керек. Сондықтан ендігі жерде осы жерімізді қорғап, халық санын өсіріп, өз жерімізге өзіміздің ие бо­луымыз қажет. Тәуелсіздікті алу қиын бол­ғанымен, оны ұстап тұрудың одан да қиын екені сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта тіккен туымыз жығылмай, одан әрі биіктеп, Тәуелсіз еліміздің керегесі кеңейе түссе деп тілеймін. Тәуелсіз елдің санасы тәуелсіз өрендерін тәрбиелеп, ұлтымыздың рухын асқақтата беру ендігі жерде басты мақса­тымыз болуы керек.




Қайыркен ҚҰНАПИНА, тарих ғылымының кандидаты, әдіскер-ұстаз:

– Мен үшін Тәуел­сіздіктің құндылығы – ана тіліміздің қа­натын кең жайып келе жатқанында. Бүгінде қарадомалақ қазақ балаларының бір-бірімен қазақша амандасып, қазақша сөйлесіп жатқанын көрген сайын қуана­мын. Сондықтан ана тіліміз одан әрі да­мып, қазақ тілінің мәртебесі көтеріле түссе екен. Сондай-ақ бүгінгі таңда ханымыз бен батырлары­мызды ұрпағымыздың танып жатқаны қуантады. Әлі есімде, телеарнада сұхбат алып жатқан журналист қазақ жастарының бірінен: «Абылай хан деген кім?» – деп сұрады. Сонда оның «білмей­мін, І Петрдің патша болғанын білемін» деп жауап бер­генін естігенде ел ретінде құрып бара жа­тыр­мыз-ау деп қорық­қанмын. Бір кездері қазақ деген ұлтты, хан, батырларымен қосып ұмыттыру саясаты жүргені белгілі. Ал бүгінде тарихымызды жаңғыртып, қазақ ұлтының сақталуына септігі тиген бабаларымыздың ескерт­кіштері бой көте­ріп жатыр. Ең бастысы, Тәуелсіздік қазақ ұлтының намысын оятты. Мен тіліміз бен ата-бабаларымыздың жаңғырып жатқа­ны­на қуанамын.




Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы-драматург:

– Мен 80-жыл­дардың аяғында «Қазақ әдебиеті» га­зетіне циклді топтама мақала жаздым. Он­да мен қазақ ұлты­ның тіл мәселесі, рухани-мәдени мә­селесі, моральдық тұрғыда азғындап, ішкілікке салынып, діннен безініп бара жатқанына алаңдап жаздым. Дәл осы жағдай сақталып тұра берсе, қазақ деген ұлттың құрып кетуі әбден мүмкін екенін айттым. Шыны керек, ол жылдар ұлтымыз сынға түскен өте қиын жылдар еді. Сол кездері тіпті маған біреулер «сен неге қазақ деген ұлт құрып бара жатыр деген мақала жаздың» деп ренжіді. Бірақ ол кезде шындығы сол еді. Иншалла, бүгінде сол кездегі күдігімнің бәрі сейілді. Ең алдымен, мен үшін Тәуелсіз­діктің құнды­лығы – қазақ халқы­ның ұлт ретінде жойы­лудан сақталып қалуын­да. Тәуелсіздіктің жемісін біз бүгінде көріп жатырмыз. Тіліміз, дініміз, діліміз қайтарылды. Рас, қазір де ел ретін­де азды-көпті мәселе­леріміз бар. Бірақ ұлт ретінде сақталып қалып, үлкен сыннан өткеннен кейін ендігі қиындықтар бізге қорқынышты еместей көрінеді.




Көрілген: 2915    Пікірлер: 1

сенбі, 15.12.2012, 12:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31