Денсаулық

1 млн теңге жымқырған медбике

  • https://myslo.ru/

    https://myslo.ru/

Ақмола облысында жеке медициналық мекемеден 1 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған медбике ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 26-да Целиноград аудандық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне Ақмол ауылының 26 жастағы тұрғынынан арыз түсті.

 

Әйелдің сөзінше, белгісіз біреу сәуірдің 7-26 күндері аралығында жеке медициналық мекеме есігінің кілтін ашып кіріп, сейфтен 1 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған.

 

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», - деді ведомстводан.

 

Жедел іздестіру шарасы барысында арыз иесінің өзі ақшаны алып, екі ай бойы жұмсағаны, кейін ауырып қалғаны анықталды. Жұмысқа шыққан соң ол өз қылмысын жасыру үшін полиция жалған арыз берген. Әйел қылмысын мойындады.

 

«Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 419 бабы «жалған мәлімет беру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды.

 




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 19:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30