Денсаулық

12 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

  • © inform.kz

    © inform.kz

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі facebook-тегі ресми парақшасында жазды.

 

4821 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1230, 1 «б» санаты бойынша – 207, 2 санат бойынша – 3384 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 958 адам бақылаудан алынды.

 

12 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3863 адам бақылауда тұр. 12 наурызға барлығы 96 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 23 адам, 2-санат бойынша – 38 адам, 3-санат бойынша – 35 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 96 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 44 адам стационарда жатыр.

 

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай Дүние жүзі бойынша 120 мемлекетте 45274 адам коронавирустық инфекция жұқтырды. 1457 науқас қайтыс болды: Италияда – 827, Иранда – 354, Оңтүстік Кореяда – 60, Круиз лайнерде - 7, Жапонияда - 15, АҚШ – 38, Францияда - 48, Испанияда – 55, Иракта - 7, Гонконгта – 3, Филиппинде – 2, Таиландта – 1, Австралияда - 3, Сан-Маринода - 2, Ұлыбританияда - 8, Нидерландта – 5, Тайванда – 1, Аргентинада – 1, Мысырда – 1, Германияда – 3, Канадада – 1, Ливанда – 2, Панамада – 1, Мароккода – 1, Бельгияда – 1, Швейцария - 4 адам, Мароккода – 1, Индонезияда – 1, Швецияда – 1, Ирландияда – 1, Албанияда – 1, Болгарияда – 1 адам.

 

Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 18,7 пайызға, өлім-жітім – 3,2 пайызға артып отыр.

 

Қауіптілігі жағынан 1 «а» санатына кіретін елдер: Оңтүстік Кореяда – 7755 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 242 жағдай, өсім 3,22%); Иранда – 9000 жағдай тіркелген (тәулігіне + 958, өсім – 11,9%). 1 «б» санатына кіретін елдер: Италияда - 12462 адам жұқтырған (тәулігіне + 2313, өсім – 22,8%).

 

Барлығы ҚХР-да - 80 мың 793 КВИ жағдайлары тіркелген (тәулігіне + 15 жағдай) ( күн сайынғы өсім – 0,02% құрайды), оның ішінде – 3 мың 169 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 62 мың 793 адам сауығып шығарылды (77,7%). Стационарларда 14 мың 831 науқас қалып отыр.

 

Барлық ауруханаға жатқызылғандардың сынамаларын қосымша бақылау үшін Алматы қаласының орталық референттік зертханасына жіберілді, онда Ұлттық биотехнология орталығының филиалы және Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы 2020 жылдың қаңтарынан бастап Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған хаттама негізінде COVID-19 ПЦР-диагностикасын бірлесіп жүргізуде.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- науқас адамдармен байланыста болмауға;

- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тез арада үйге жедел жәрдем шақыру керек.

 

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.

 

24.kz


 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30