Денсаулық

20 жылда - 86 ота: Бойжеткен солярийде күюдің салдарын көрсетті (фото)

  • Фото © Facebook / Lisa Pace

    Фото © Facebook / Lisa Pace

АҚШ-тың Теннеси тұрғыны Лиза Пейс мектеп кезінен солярийде күюді әдетке айналдырған. Алайда 10 жылдан кейін оның салдарынан ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Аяғынан мең байқаған бойжеткен дәрігерге барған. Дәрігер меланоманы бірден анықтап, оны отамен алғызып тастауды ұсыныпты


Бойжеткен меңді алғызып тастаған, бірақ солярийге баруды жалғастырған.


Содан кейін бойжеткеннің денесінен қайта-қайта түрлі меңдер шыға бастаған.



20 жылдың ішінде Лиза 86 ота жасатқан. Ол әр үш ай сайын ауруханаға жатыпты. Оның ағзасынан екі түрлі терінің қатерлі ісігі анықталған.


Абырой болғанда, дәрігерлер ісікті дер кезінде анықтап, алып тастап отырған.



"Үнемі күйген жарасады" деп айтатын. Сондықтан тоқтамай күйе бердім. Қатерлі ісік 86 рет мені құлатпақ болды, бірақ мен мойынсұнбай, күресуді жалғастырдым", - деді Лиза Пейс. 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 17:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30