Денсаулық

2023 жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы 2 есе өсуі мүмкін – министр

  • 2023 жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы 2 есе өсуі мүмкін – министр

    2023 жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы 2 есе өсуі мүмкін – министр

  • 2023 жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы 2 есе өсуі мүмкін – министр

    2023 жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы 2 есе өсуі мүмкін – министр

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өтемақы алатын медициналық қызметкерлердің қатары не себепті артпайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз әрбір медициналық қызметкерге өтемақы бергіміз келеді, бірақ мына маңызды мәселені ескеруіміз керек: дәрігер қабылдауында болатын әр науқас коронавирус инфекциясымен ауырмайды. Егер дәрігер инфекциялық стационарда жұмыс істейтін болса &ndash бұл жерде дәрігерге төнетін қауіп, тәуекел деңгейі мүлдем басқа. Мысалы, дәрігер ота жасап жатқан науқас гепатит немесе ЖИТС-пен ауыруы мүмкін. Бұл да дәрігер үшін қауіпті. Барлық дәрігер Гиппократ антын беру арқылы науқастың өмірі үшін күресіп, тәуекел етуге дайын болады. Жалпы алғанда, Үкіметтің, Мемлекет басшысының қолдауымен медициналық қызметкерлер еңбегіне лайықты жалақы алуға қол жеткіздік. 2023 жылы медициналық қызметкерлердің жалақысы 2 есе өсуі мүмкін», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Оның айтуынша, Қазақстанда жасалған өкпені жасанды желдету аппаратының кепілдік мерзімі &ndash 3 жыл. «Медициналық құрылғыларға қатысты заңнамалық деңгейде бекітілген талаптар бар. Қазақстанда жасалған өкпені жасанды желдету аппараттары еліміздегі стацонарларда сынақтан өтті. Ол науқастарға қолдануға жарамсыз және ақау болып жатқан жағдайда өндірушіге қайтарылады. Жұқпалы ауруы бар адамдарды қабылдайтын әрбір ауруханада өкпені жасанды желдету аппараты кем дегенде 15% болуы керек деген ұсыныс айттық. Бұл нормативтерді орындау өте маңызды. Қазіргі уақытта осындай құрылғылар қосымша сатып алынып, аймақтарға жеткізілуде», - дейді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 өкпені жасанды желдететін аппарат бар екенін жаздық. Қосымша 2 619 дана осындай аппарат сатып алынады, оның ішінде 1 500 аппарат &ndash отандық өнім.
ҚазАқпарат




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 19:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30