Денсаулық

22-23 тамызда Қазақстан қатаң карантин режиміне қайта оралады: Денсаулық сақтау министрі түсіндірді

  • 22-23 тамызда Қазақстан қатаң карантин режиміне қайта оралады: Денсаулық сақтау министрі түсіндірді

    22-23 тамызда Қазақстан қатаң карантин режиміне қайта оралады: Денсаулық сақтау министрі түсіндірді

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның қатаң карантиннен қалай шығатыны туралы айтып, демалыс күндері қандай қатаң ережелер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Цой «пандемия аяқталды» деді және біз біртіндеп қалыпты өмірге оралатынымызды айтты.

"Азаматтарға бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті. Біз бұқаралық, мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуден бас тартуға мәжбүрміз. Бұл қауіпсіздік үшін қажетті шаралар. Карантин біткеннен кейін алғашқы қателікті қайталаудың қажеті жоқ. Барынша сақ болғанымыз жөн", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Министр мемлекеттік комиссия осы уақытқа дейінгі шектеулерді тек жұмыс күндері жеңілдету туралы шешім қабылдағанын еске салды.

"Келесі демалыс күндері ел тағы екі күнге карантинге оралады. 22 және 23 тамызда 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылады, қоғамдық көліктер тоқтайды, ал бизнес қайтадан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Ерекшелік тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана қатысты" - деп түсіндірді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардан қабылданған шараларды түсіністікпен қарауды сұрады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты және карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету критерийіне қол жеткізгенімізді ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ұсынысы қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 17 тамыздан бастап қай нысандар жұмысын жалғастыратыны белгілі болды. Елімізде кейбір қызмет түрлеріне әлі де тыйым салынады.

Stan.kz

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.08.2020, 22:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31