23 жастағы келіншек ковидтің құрбаны болды

24 мамыр 2021, 21:58

Шымкентте  23 жастағы келіншек  короновирустан көз жұмды. Бұл туралы шаһардың бас дәрігері  айтты.

 

Оның мәліметінше, жыл басынан бері елдегі үшінші мегаполисте 70 адам осы инфекциядан қайтыс болған. Соның ең жасы-осы келіншек.

 

Жалпы  соңғы кезде індет жастар арасында белең алып тұр дейді бас дәрігер.

 

Бақытжан ПОЗИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

- Ең жасы 1998 жылғы. Одан кейін  1980 жылғы да қайтыс болды, 1979 жылғы да қайтыс боп жатыр. Қайталап өтейін, 2021 жылғы пандемия 2020 жылғы пандемияға қараған кезде жастар көп ауырып жатыр.

 

Соңғы екі айда өңірде 11 121 адам коронавирус індетін жұқтырған.

 

Қазір қаладағы ауруханалардағы төсек-орынның 45 пайызы толық. 

 

Кеше «қызыл» аймақта болған Шымкент бүгін қайта «сары аймаққа» өтті.

 

 

 

astanatv.kz