Денсаулық

30 донор 10 литр қан тапсырды

  • 30 донор 10 литр қан тапсырды

    30 донор 10 литр қан тапсырды

Jas Otan жастар қанаты Алматы қалалық филиалының белсенділері «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды. Акцияға 30 донор қатысты, оның ішінде жасотандықтар, еріктілер және қала тұрғындары бар.
Акция Алматы қалалық қан орталығында өтті.

&ndash Бірінші рет қан тапсырып тұрғаным жоқ, карантинге дейін үш айда бір рет донор болдым. Мұндай акциялар алдағы уақытта да өткізілетініне сенемін. Біз барлығымыз бірігіп, қанға мұқтаж жандарға көмек көрсете аламыз, &ndash дейді қала тұрғыны Ақбота Бүркітбаева.

Жастар арасында алғаш рет қан тапсырғандар да болды. Аида Орынбаева бүгін алғаш рет қан тапсырды.

&ndash Бәрі жақсы болды, маған ұнады. Басында өте қорқынышты деп ойладым. Бірақ тамырдан қан ала бастағанда, қорқынышты ештеңе жоқ екенін түсіндім. Енді бұл игі істі тұрақты түрде жалғастырамын. Акцияны ұйымдастырушыларға рақмет, өйткені бәріміз бірге болған кезде &ndash қан тапсыру соншалықты ауыр емес екен. Әсіресе, біреуге көмектескенім, тіпті біреудің өмірін сақтап қалдым деген ой мені қуантады, &ndash деген Аида өз әсерімен бөлісті.

Акция қан донорлығына жастардың назарын аударуға, жас және дені сау донорлардың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ ынталандыруға бағытталған.

aikyn.kz




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31