Денсаулық

65 жастан асқандарға COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді

  • Фото: elements.envato.com

    Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 65 жастан асқан адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілді. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа сілтеме жасап хабарлайды.

 

"Қаулымен жастың жоғарғы шегі бойынша шектеуді алып тастадық. Бірақ, қарт адамдарға вакцина салмас бұрын, олардың денсаулығын, қандай да бір ілеспе ауруларының бар-жоғын мұқият тексеру қажет", - деді Қиясов телеарна эфирінде.

 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство 65 жастан асқан адамдарды вакциналау жоспарына қосу мәселесін қарайтынын мәлімдеді. Ол созылмалы аурулардың бар-жоғы, аллергиялық реакция ескерілетінін нақтылаған болатын.

 

Дүйсенбі, 22 ақпанда, денсаулық сақтау вице-министрі &ndash Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды.

 

Министрлік санитарлық талаптарды сақтау мақсатында медициналық мекемеге журналистерді шақырған жоқ.

 

Жыл соңына дейін алты миллионға жуық қазақстандыққа вакцина салу жоспарланып отыр.

 

 

 




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 21:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28