Денсаулық

7 жасар қыздың өліміне дәрігер емес, дәрі себеп болған

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматы облысындағы 7 жасар қыздың өлімі дәрігерден емес, дәріден болып шықты. Евгения Игнатьева бірнеше күн бұрын қаршадай баласының ажалына дәрігерлерді кінәлаған.

Ал Васелина Бражникованың парацетамолдың кесірінен ажал құшқаны анықталды. Қызуы көтерілген қызына анасы қайта-қайта бас ауруының дәрісін ішкізе беріпті. Соның салдарынан бауырына зақым келген.

Асқар Қалиев, Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

- Баланың қан анализін бәрін алғаннан кейін, бауырдың зақымдалғанын көрсететін көрсеткіштер бар, сол жоғары болды. Балада орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы болды. Кома жағдайында түсті деген. Соның бәрін байланыстыра отырып, Рей синдромы диагнозын қойдық.

Васелинаға жасаған бірнеше тексеру Рей синдромы диагнозы екенін растаған. Бұл жасөспірімдер сирек шалдығатын, өте қауіпті ауру түрі. Ол дәрінің сезімтал мүшелерге қарсы әсер беріп, ағзаның зақымдалуына әкеп соқтырады.

Евгения Игнатьева қызына парацетамолды мөлшерден тыс берген. Сөйтіп қызуы түспеген Васелина бір аптадан соң іші ауырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, ауруханада көз жұмған.

Васелина Бражникованың ажалына қайғыдан қан жұтқан анасы жедел жәрдем қызметкерлерін жазғырған болатын. Яғни жай ғана іші ауырған 7 жасар қызына алып-ұшып жеткен ақ халаттылар диагнозсыз 12 жастан асқан балаларға ішуге болатын дәрі берді деген еді.

ktk.kz 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31