Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

7 жыл перзент күткен отбасыда үшем дүниеге келді

15 желтоқсан 2017, 18:20

Жамбыл облысында жыл басынан бері төртінші рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, Магруф, Максум және Мансур есімді үшем 13 қарашада туған. Балалар уақытынан сәл ертерек дүние есігін ашты.

«Алғашқы үш күнде сәбилер интенсивті терапияны қажет етті. Сосын олар аналарымен бірге жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөліміне ауыстырылды. Қазір сәбилер мен оның анасы өздерін жақсы сезінеді, олар үйлеріне шығарылмақ», - деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева.

Бөбектердің анасы Аян Біләлова жұбайымен бірге Байзақ ауданында тұрады.

«Біз осы қуанышты 7 жыл бойы күттік. УДЗ-ден үшем туралы естіген кезде қатты қуандық. Осындағы дәрігерлерге алғысым шексіз. Егіз ұлдардың екеуі бір-біріне қатты ұқсай, ал үшіншісі мүлдем ұқсамайды», - дейді бақытты ана.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері өңірде 3 рет үшем өмірген келді. Осыдан бір ай бұрын ғана Байзақ ауданында Егізғараевтар отбасында тағы үшем дүниеге келген еді. Облыстық перинаталдық орталығында 2 қыз, 1 ұл ота арқылы туылған.