Денсаулық

Ashyq: Алматыда «қызыл», «сары» мәртебе қай жерде жиі анықталады

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Ashyq жобасы Алматы тұрғындарына коронавирустың жұғу қаупін азайтуға көмектеседі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Салтанат Лесбаеваның сөзінше, Ashyq қосымшасы негізінен қатысушының «көк» мәртебесін анықтайды деген пікір қате. Керісінше, мегаполисте сканерлеу кезінде «қызыл» мәртебе 670, ал «сары» мәртебе 178 адамда бар екені расталды.

 

«Темір жол вокзалдары мен әуежай «қызыл» мен «сары» мәртебесі бар қала тұрғындарын анықтау бойынша көшбасшы. Алматы темір жол вокзалдары жобаға 21 маусымнан бастап енгізілді. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше адамнан « қызыл» статус анықталды», – деді Салтанат Лесбаева.

 

Сонымен қатар, ол Алматының 8 тұрғыны осындай бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапқа тартылғанын атап өтті.

 

«Бұдан басқа, Ashyq қосымшасымен қатар «Aitu», «Egov mobile» қосымшалары және Kaspi мен «Халық банк» арқылы екі банкте тексеруге болады. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалған. Мәртебесін білу үшін ЖСН енгізу жеткілікті. Бұл инфекция жұқтыру қаупін азайту үшін жасалды. Егер жобаға қатысушылар өздеріне алған міндеттемелерді сақтамаса, оларды алып тастайды. Және екі айға дейінгі мерзімге жұмыс істеу мүмкіндігінен айырады. Бүгінде Алматыда Ashyq жобасынан 39 қатысушы шығарылды, олар келушілер мен өз қызметкерлерін сканерлемеген», – деді спикер.

 

Оның айтуынша, Алматыда белгіленген шектеулерге байланысты жоба аясында жұмыс істеуге ниет білдірушілер көп. Бүгін тағы да 10 кәсіпкер өтінім берді.

 

Негізінен Ashyq бойынша қоғамдық тамақтану орындары, фитнес орталықтар, компьютерлік клубтар, моншалар мен кинотеатрлар жұмыс істейді. Барлығы 2332 қатысушы бар. Тестілік режимде 148 бизнес субъектісі жұмыс істейді.

 

«Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және әзірлеушілермен бірлесіп жобаға қатысушылардың тізімін кеңейту мәселесі қарастырылуда. Жақын арада жобада жоқ сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар мен асханалар жеңілдіктермен жұмыс істей алады»,- деді ол.

 

 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 17:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30