Денсаулық

Ashyq: «қызыл» мәртебесі бар 32 ақтөбелік айыппұл төледі

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде 3608 кәсіпкерлік нысан мен мекеме «Ashyq» қосымшасына енгізілген. «Қызыл» мәртебесі бар 156 адамның карантин ережесін сақтамай, көпшілік жиналатын орынға барғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбеде 3,6 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан мен мекемеге «Ashyq» қосымшасы енгізілсе, оның 225-і тестілік режимде жұмыс істеп тұр.

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасованың айтуынша, осы аптада «көшбасшылардың» тізімі жаңартылды. Соңғы екі аптаның ішінде тағы 32-і қосылды.

 

Бүгінгі таңда облыста барлығы «Ashyq» жобасының 69 «көшбасшысы» бар.

 

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасының қатысушылары сағат 22:00-ге дейін, «көшбасшы» мәртебесімен сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

 

Ashyq жобасының қатысушылары, аутсайдерлері мен көшбасшылары туралы ақпарат апта сайын Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында жаңартылады.

 

«Бүгінде QR-кодты алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және өтінімді мақұлдау туралы хабарлама бірнеше минут ішінде келеді. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады. Жоба енгізілгелі бері өңірде «сары» мәртебесі бар 181 адам және «қызыл»мәртебесі бар 156 адам анықталды. «Қызыл» мәртебесі бар 32 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 1, 4 млн теңгегеден сомада айыппұл салынды. Бүгінгі күні өңірлік кәсіпкерлер палатасы және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат беру жөнінде ұсыныс қаралып жатыр», - деді Сұлупан Шынтасова.

 




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 22:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31