Денсаулық

COVID-19: Әлемде көз жұмғандар саны 800 мыңнан асты

  • COVID-19: Әлемде көз жұмғандар саны 800 мыңнан асты

    COVID-19: Әлемде көз жұмғандар саны 800 мыңнан асты

Worldometer онлайн бақылау қызметінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырып, қайтыс болған адамдардың саны 800 мыңнан асты.


Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың 23 414 944 жағдайы анықталды. Дәл осы мәліметтерге сәйкес, 15 946 299 жағдайда пациенттер инфекциядан емделіп шыққан, 809 325 адам аурудан қайтыс болған. Сайттың мәліметі бойынша, әлемде расталған жағдайлардың саны бойынша да, көз жұмғандар санынан да АҚШ әлі де көшбасшы болып келеді.

Эпидемия басталғаннан бері мұнда 5 843 084 ауру жұқтыру оқиғасы анықталыпты. Екінші орында 3 583 308 дерек тіркелген Бразилия, үшінші орында Үндістан (3 050 326), төртінші орында Ресей (956 749), бесінші орында Оңтүстік Африка Республикасы (607 045).

Көшбасшылардың ондығын мына елдер түйіндейді: Перу (585 236), Мексика (556 216), Колумбия (533 103), Испания (407 879) және Чили (395 708).

Америка Құрама Штаттары коронавирустан өлім-жітім бойынша да көшбасшы болып табылады: эпидемия басталғалы 180 217 өлім жағдайы расталған. Әлемдік анти-рейтингтегі екінші орында 114 287 өлім көрсеткіші бар Бразилия.

Елдегі жағдайға келсек, коронавирус жұқтырған 333 адамның жағдайы нашар екені белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың ресми статистикасын ұсынды. Оған сәйкес, 22 тамызда 21 адам көз жұмған.


BAQ.KZ




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.08.2020, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31