Денсаулық

COVID-19 буын ауруларына қалай әсер етуде?

  • Фото: 7ya.ru

    Фото: 7ya.ru

COVID-19 буын ауруларына қалай әсер етуде? Ревматолог дәрігерлер пандемия кезеңінде инфекция жұқтырған және буын аурулары бар науқастармен жаңа мәселелерге тап болған.

 

Тәжівирусы науқастардың әлсіз тұсынан ұстауда. Бұл туралы Шымкентте өтіп жатқан «Ревматология COVID-19 дәуірінде» атты медицина саласы мамандарының конференциясында мәлім етілді. Екі күнге созылатын шеберлік сабағының басты мақсаты – ревматолог дәрігерлерді буын ауруларының COVID-19 –бен байланысын зерттеуге, үйренуге шақыру.

 

Шоқан Баймұхамедов, Буын аурулары медициналық орталығының директоры: «15 жыл бұрын Шымкент қаласы бойынша 3 ревматолог маман болса, бүгінде 60-тан астам кәсіби дәрігер бар. Бұл семинарға Еуразия ревматологтарынан 20-ға жуық үздік профессорлар тартылған. Атап айтқанда Италияның, Германияның, Ресей және әрине Қазақстанның үздік дәрігерлері. Алғаш рет ревматологтардың үлкен мектебін екі режимде: онлайн және оффлайн форматта өткізудеміз. Бұл қалыптасып жатқан мамандар үшін үлкен білім көзі. Ревматалогия бүгінгі таңда маңызды сала».

 

Ақ халаттылардың айтуынша, ерте ме, кеш пе әрбір адам буын ауруларымен күресетін болады. Дегенмен, бүгінде бізде ревматизм ауруларының барша түрін емдеуге мүмкіндік бар. Сәйкесінше, конференция тек шымкенттік емес, Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі ревматолог мамандардың шеберлігін арттыру үшін ұйымдастырылып отыр.

 

Айта кетейік, ревматолог мамандарының Халықаралық мектебі конференциясы алғаш рет 2006 жылы өткізілген болатын.

 

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 19:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31