Денсаулық

"COVID-19-ды қайта жұқтырудың бес оқиғасы белгілі" - профессор алматылықтарға үндеу жасады

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Алматы өңірлік коммуникациялар қызметіне берген эксклюзив сұхбатында COVID-19-бен ауырып, жазылғандардың қауіпсіздік және алдын алу шараларын сақтау қажеттілігіне қатысты сұрақтарға жауап берді және тұрғындарға жалпы ұсыныстарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

 

"Коронавируспен ауырып, жазылғандар бәрібір қауіпсіздік шараларын сақтаулары керек. Себебі коронавирустан басқа да біраз инфекциялар бар. Әсіресе қазір, тұмау маусымы басталып жатыр және аурудың алдын алып, ескерту маңызды. Тіпті сіз ауырып, жазылған болсаңыз да, коронавирус мұрын қуысында болуы мүмкін және вирус қол арқылы жұғуы мүмкін. Міне, сол себепті де маскалардың қалай болғанда да тиімділігі бар. Әлеуметтік қашықтықтың да маңызы зор. Коронавирусты қайтадан жұқтырудың 5 оқиғасы белгілі. Осындай деректер бар. Сол себепті қайта жұқтырудың болмайтынына 100 пайыз кепілдік жоқ", - деп атап өтті Алмаз Шарман.

 

Зерттеулерге сәйкес, ауырып, жазылып шыққандарда антиденелер пайда болып, дамиды. Бірақ, соған қарамастан, оның қанша уақыт сақталатыны белгісіз.

 

"Ауруды жұқтырғандардың бәрінің иммунитеті дамитыны белгілі нәрсе. Бірақ басылу (сөну) феномені де бар, антиденелердің бастапқыда циклы жоғары болады, бірақ неліктен екені белгісіз, кейіннен төмендеп кетеді. Алайда тағы бір үшінші жағдай бар, ол - вирустың мутацияға ұшырайтыны, ол өзгеріп отырады. Соған қарамастан оның өзгеріп отыратыны, дереу күшейіп, болмаса әлсірейтіні туралы дәлелдер бар", - деп атап өтті профессор.

 

Қала тұрғындарының алдын алу шараларын күшейту қажеттігі туралы айтқан қазақстандық профессор масканы қолдану кезінде оны дұрыс киіп, тағып жүру маңыздылығын атап өтті. Одан бөлек, әлеуметтік қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын орындарға барудан шектелу сияқты басқа да алдын алу шараларын сақтау маңызды.

 

"Маска тағу өте маңызды. Бірақ, масканы дұрыс таққан жөн. Мен көп адамның масканы мұрындарын ашып, иегіне тағып жүретінін жиі көремін. Бәріне үнемі вирустардың көбі мұрын қуысында болатынын естеріне саламын, жай ғана ауызды жабу арқылы олар не өздерін, не басқаларды қорғамайды. Сол себепті масканы тағу және оны дұрыс тағу маңызды.

Екіншіден, маска тағу арқылы сіз тек өзіңізді ғана қорғап қоймай, басқаларын да ойлайсыз.

Үшіншіден, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүруге тырысу қажет. Еуропа мен АҚШ-та неге екінші толқын басталып кетті? Күннің салқындауына байланысты, адамдар ғимарат ішінде жиі отыратын болды. Нәтижесінде, адамдар топтасады, ал көптеген ғимараттың желдетілуі қиын. Бұл темекінің түтіні сияқты. Егер сен ауасы желдетілмейтін бөлмеде отырсаң, темекінің түтіні бөлмеде айналып жүреді. Егер ғимаратта вирусты жұқтырған адам болса, вирусы бар аэрозоль ауада таралып, басқаларға жұғады. Сол себепті адамдар көп жиналатын орындардан, әсіресе, жабық ғимараттарға барудан аулақ жүріп, бөлмені желдетіп, қашықтық сақтау керек. Осы ережелерді сақтау арқылы өзіңді аурудан қорғауға болады", - деп қорытындылады Алмаз Шарман.




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31