Денсаулық

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың ауруханаға түсу қаупі 10 есе төмен

  • COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың ауруханаға түсу қаупі 10 есе төмен

    COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың ауруханаға түсу қаупі 10 есе төмен

Толық вакциналанған адамдар (екі компонентін де алған) COVID-19-дан 11 есе аз өледі және ауруханаларға 10 есе аз түседі. Мұндай деректер АҚШ ауруды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) апта сайынғы есебінде келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ ғалымдары 2021 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында 13 штатта және ірі қалаларда COVID-19, ауруханаға жатқызылу және өлім-жітімнің 6 мыңнан астам жағдайын зерттеді.

Зерттеу көрсеткендей, вакцина алмаған адамдардың толықтай екпе алғандарға қарағанда коронавирус жұқтыру мүмкіндігі 4,5 есе, ауруханаға түсіп қалу мүмкіндігі 10 есе және аурудан қайтыс болу қаупі 11 есе көп.

Ақ үйдегі брифингте CDC директоры Рошель Валенски бұл мәліметтер вакцинацияның COVID-19 ауыр асқынуларынан қорғайтынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ Ауруды бақылау және алдын алу орталығы Дельта нұсқасы АҚШ-тағы вирустың негізгі штаммына айналғанын анықтады.

Орталық АҚШ президенті Джо Байден COVID-19-ға қарсы жаңа стратегияны жариялағаннан кейін мәлімдеме жасады, оған 100-ден астам қызметкері бар компания қызметкерлерін екпе алуға немесе апта сайын тест тапсыруға міндеттейтін шаралар кіреді.




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 18:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31