Денсаулық

COVID-19 ресейлік вакцина салдарынан мутациялануы мүмкін - ғалымдар

  • COVID-19 ресейлік вакцина салдарынан мутациялануы мүмкін - ғалымдар

    COVID-19 ресейлік вакцина салдарынан мутациялануы мүмкін - ғалымдар

Коронавирус клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтпеген ресейлік вакцинадан мутациялануы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне ғалымдар мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вирусологтар Ресейдің "Спутник V" вакцинасын оның коронавирусқа қарсы толық әсерін анықтағанға дейін қолдану туралы жоспарына алаңдаулы. Сарапшылар вакцина біртіндеп вирустың мутациялануына әкеп соғуы мүмкін екенін айтады.

"Вакцина тиімді екеніне көз жеткізсек дейміз. Біз оны шын мәнінде білмейміз", - дейді АҚШ-тағы Вандербильт университетінің Медциналық мектебінің педиатрия профессоры және вакциналар бойынша сарапшысы Кэтрин Эдвардс.

Оның айтуынша, вакцинаның вирусқа қарсы әсері, оны бұғаттауы немесе үйренісіп кетуі әсері "үнемі алаңдаушылық туғызады".

"Әсер етпейтін вакцинаны қолданудың түрлі ықтимал тәуекелі болады. Вирус мутацияланады деген тәуекел - теориялық тәуекел", - дейді Бостондағы Медициналық орталықтың маманы Дэн Барух.

"Спутника V" вакцинасын дайындағандар ол қауіпсіз екенін және екі ай клиникалық сынақ оның тиімді екенін дәлелдегенін айтады.

Алайда зерттеу нәтижесі жарияланбағандықтан көптеген батыс ғалымы оған күмәнмен қараған.




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31