Денсаулық

COVID-2019: Алматыда тағы бірқатар үй карантинге жабылды

  • https://www.pravda.com.ua/

    https://www.pravda.com.ua/

Алматыда «Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек, тағы бірнеше үй карантинге жабылды. Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек, Достық көшесі, 42-үй, Достық, 42А, Қабанбай батыр, 68 мекенжайындағы үйлер карантинге жабылды. Аула қоршалды. Төрт бақылау-өткізу пункті қойылды. Бір ғана D&D Market сауда орны жұмыс жасап тұр», - делінген қала тұрғындарынан БАҚ өкілдеріне жіберілген ақпаратта.

 

WhatsApp желісіндегі онлайн-чатта тілшілерге бұл мәліметті қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.

 

Айта кетейік, мұның алдында қала әкімдігі коронавирус ошақтары анықталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Онда індет анықталған және тарап жатқан нақты мекенжайлар мен шағынаудандар көрсетілген еді.

 

Еске салсақ, кеше түнде Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үй кешені науқас тұрғынның анықталуына байланысты карантинге жабылды. Тұрғын үй кешенінен шығып-кіруге рұқсат жоқ. Мұнда тек 1 азық-түлік дүкені жұмыс істейтін болады.

 




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30