Денсаулық

D дәруменінің деңгейін көтеру үшін таңғы асқа не жеу керек

  • D дәруменінің деңгейін көтеру үшін таңғы асқа не жеу керек

    D дәруменінің деңгейін көтеру үшін таңғы асқа не жеу керек

Мамандар аптасына екі рет күн сәулесінде 5-30 минут болуға кеңес береді. Диетологтардың айтуынша, 70 жасқа дейінгі адамдарға күн сайын бұл витамин кем дегенде 600 МЕ мөлшерінде қажет

Дәрігерлер ағзадағы D дәруменінің орнын толтыру үшін таңғы асқа не жеу керектігін айтты. 

Мамандар аптасына екі рет күн сәулесінде 5-30 минут болуға кеңес береді. Диетологтардың айтуынша, 70 жасқа дейінгі адамдарға күн сайын кем дегенде бұл витамин 600 МЕ мөлшерінде қажет. Ал 70 жастан асқардарға 800 МЕ керек, деп жазады MK.ru.

Алайда бәрінде күнге қыздырыну мүмкіндігі жоқ. Сондықтан диетологтар ағзадағы D дәруменінің орнын толтыру үшін ас мәзірін өзгерту маңызды деп отыр.

Бұл витаминді жұмыртқа, саңырауқұлақ пен байытылған сүттен алуға болады. Бәріне қарағанда майлы балық құрамында көп. Жабайы албырт балығының құрамындағы D дәруменінің мөлшері: 100 грамда 988 МЕ немесе бұл дәруменнің бір күндік қажеттілігінің 124%-і.

Бірақ бұл балықты таңғы асқа әзірлейтіндер көп емес. Сондықтан бутербродқа немесе қуырылған жұмыртқаға қақталған балық қосып жеуге болады.

Миға пайдалы өнімдер


Бұған дейін дәрігер-диетолог Елена Соломатина таңғы асқа құрамында В витаминдер тобы бар тағамды қосу керектігін айтқан болатын. Ол ағзаны "оятуға" көмектеседі.

Мұндай дәрумен тұтас дәнді, қарабидай наны мен тұтас дәнді ботқада бар. 

"Бұл витаминдер жүйке жүйесіне "допинг" болады. Өйткені В тобы дәруменінсіз матаболикалық процестер жүрмейді. Балалардың да, ересектердің де таңғы асының негізі", - деді ол. 
Дәрігер таңғы асқа жұмыртқа жеу керектігін атап өтті. Оның сарысының құрамында холин бар. Бұл ацетилхолин негізі. Ал ацетилхолин нейрондар арасында сигналды қамтамасыз ететін нейромедиатор.

sputnik.kz




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31