Денсаулық

Pfizer-дің үшінші дозасын салу тамыздан басталуы мүмкін - БАҚ

  • Pfizer-дің үшінші дозасын салу тамыздан басталуы мүмкін - БАҚ

    Pfizer-дің үшінші дозасын салу тамыздан басталуы мүмкін - БАҚ

Pfizer америкалық компаниясы тамыздан бастап вакцинаның үшінші дозасын салдыруға рұқсат алмақ, - деп хабарлайды Reuters

Фармкомпания өкілдері биыл тамыздан бастап үшінші дозаны шұғыл түрде қолдануға өтінім жазатындарын атап өтті. Осыған байланысты Pfizer Inc. COVID-19 вакцинасын сату болжамын 29 пайызға - 33,5 миллиард долларға арттырды.

 
Pfizer жариялаған жаңа есепке сәйкес вакцинаның үшінші дозасы адам ағзасындағы антидене санын көбейтеді. 

Мұндай мәліметті өндірушілер коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алған 18-55 жастағы адамдардың мәліметіне сәйкес шығарған. Алты айдан кейін вакцинаның үшінші дозасын салғаннан кейін антидене 5 есе өскен. 

Одан бөлек, өндірушілердің айтуынша, Pfizer/BioNTech вакцинасның үшінші дозасын салдырған 65-85 аралығындағы адамдар "дельта" штамына қарсы антидене 11 есе ұлғайған.  

Pfizer компаниясының өкілдері үшінші дозадан кейін "дельта" штамын бейтараптандыру 100 есе болуы мүмкін екенін айтады. Алайда бұл мәлімет рецензияланбаған және ғылыми басылымдарда жарияланбаған, сондықтан әзірге бұл өндірушілердің өздері жасаған мәлімдеме.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1739    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 10:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30